М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми-зерттеу зертханаларында пресс-тур өткізілді
Оған «Еуразия», «Хабар», «Қазақстан», «Оңтүстік», «Айғақ» телеарналарының журналистері шақырылды. Олар «Композиттік материалдардың жоғары температуралық синтезі» зертханасының жаңа радиациялық-қорғаныс материалдарын, ұнтақ материалдар мен композиттер синтезін әзірлеу бойынша патенттері алынған ғылыми зерттеулерімен танысты, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл материалдардың түбегейлі ерекшелігі – олардың шағылыспай, рентгендік және гамма-сәулелерді сіңіреді, яғни жартылай ыдырау кезеңін жылдамдатады. Сонымен қатар бөлшектерді тозуға төзімді жоғары көміртекті болат қабатымен қаптау технологиялары ұсынылды. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелері бойынша гранттық қаржыландыру байқауына қатысу мақсатындағы жобалар дайындалған.
– Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері» зертханасында БАҚ өкілдері Оңтүстік өңірінің брендіне айналып, импортты алмастыру мәселесін шешуге бағытталған экологиялық таза отандық кептірілген жемістерді алу технологиясымен танысты. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімдігі арқылы 10 гектар жер телімі бөлініп, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының 026 бағдарламасы бойынша өндірістік желіні қаржыландыру жоспарлануда.
«Инновациялық су тазарту жүйелері» зертханасы табиғи тәттілендіргіш болып табылатын «Стевия» өсімдігінен шәрбаттарды, таблеткаларды және ұнтақтарды өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістік желіні таныстырды. Университеттің жылыжайында бұл өсімдіктің бейімделген сұрыптарының көшеттері кеңінен пайдалану мақсатында өсіріледі.
Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының 026 бағдарламасы бойынша «стевия» өнімдерін өнеркәсіптік негізде өндіретін цех салу жоспарлануда. Сонымен қатар нанофильтрациялық мембраналары бар сүзгі жүйелерімен электрохимиялық әдіс арқылы жер асты суларын тазарту технологиясы таныстырылды; оның ендірілуіне бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойыншаа 323 млн теңге бөлінген.
“Құрылыс материалдары, құрылыс және сәулет» зертханасында техногендік қалдықтар негізінде байланыстырушы, әртүрлі құрылыс материалдарын өндірудің инновациялық технологиялары таныстырылды. Атап айтқанда, ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында бизнес серіктес «Petrobasis» ЖШС –мен бірлесіп, өндірістік қалдықтар негізінде ең төменгі клинкерлі ұсақ ұнтақталған цементтер өндірісі бойынша цех құрылысы жүзеге асырылуда, қаржыландыру көлемі -500 млн теңге. Сонымен қатар зертхана ғалымдары «жасыл экономикаға» жататын құрылыс саласына гелиотехнологияны- күн энергиясын пайдалануды енгізумен де айналысуда.