Маңғыстау облысы: “BabySkills” және “WorldSkills Aktau” чемпионатының дайындықтары

«WorldSkills Aktau -2023» чемпионаты аясында облыстық «BabySkills» ойын чемпионатының қалалық кезеңі мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларының және JuniorSkillsAktau қалалық чемпионаты 5 – 9 сынып оқушыларының әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларына қызығушылығын арттыру, ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен үйірмеге қатысушылар арасында наурыз – сәуір айларында өткізу жоспарлануда, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
 
Осы орайда Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы Орталығы» КММ, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау өнер колледжі» МКҚК, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ -мен «Матаға сурет салу (Роспись по ткани)» құзыреттілігі бойынша, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Асмет Ұлас» Инновациялық мектеп-гиназиясымен «Хореография» құзыреттілігі бойынша үш жақтық келісім шарт жасалды.
Міндеттері: балалардың кәсіби қызметі туралы түсініктерін байыту және нақтылау; балаларда еңбек процесінің құрылымы туралы жалпылама түсінік қалыптастыру; балалардың ойын және өнімді іс-әрекетте өз әсерлерін білдіру біліктерін бекіту; балалардың танымдық, коммуникативтік, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру; ересектердің еңбегіне және оның нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу; балаларға «Суретші», «Хореограф» мамандығының маңыздылығын, қажеттілігін түсінуге көмектесу.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий