Олимпиадалық білім беруді мектепке ендірудегі виртуалды форсайт-зертханасы өз жұмысын бастады
ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландырылған «Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» жобасы аясында Қазақ спорт және туризм академиясының ғалымдары жобаның міндеттеріне сәйкес виртуалды форсайт-зертханасының Web сайтын әзірлеп, мектеп мұғалімдері мен магистранттарға таныстырылымын жасады, – деп хабарлайды рсы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.

Соның аясында зерттеу материалдарын тәжірибеге енгізу мақсатында «Олимпиадалық білім беруді мектепке ендірудегі мұғалімдерді кәсіби қолдау» атты 72 сағаттық бағдарлама әзірленді. Бағдарламада «Олимпиадалық спорт» және «Инновациялық- цифрлық ортада білім беруді басқару» деген екі авторлық элективті курс пен мектеп мұғалімдеріне 2023 жылдың 16 қаңтар мен 16 ақпан арасында онлайн форматта форсайт сессия ұйымдастырылды.
Форсайт сессияда мектеп мұғалімдері өзекті мәселелерді қарастырумен қатар түрлі инновациялық-цирфлық ресурстарды меңгерді: jamboard, Google.Forms, learningapps ресурстарында тапсырма әзірлеп, Padlet тақтасына жүктеді және тапсырмаларды орындаған мұғалімдер топқа бөлініп, жобалық жұмыстарын қорғады. Курсқа Алматы қаласы мен Алматы облысының мектептерінен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
«Олимпиадалық білім беруді мектеп жүйесіне ендіру жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбындағы біліктікті арттыру курсын табысты меңгерген мұғалімдерге сертификаттар табысталып, жоба аясында әзірленген «Олимпиада жолсерігі» атты 3 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерінің тұсаукесері өтті.
Жобаның аясында виртуалды форсайт зертханасында әзірленген педагогикалық-психологиялық, дене даярлықтарына диагностика негізінде түрлі спорт түрі бойынша дарынды балаларды анықтап, оларды спорт түрлеріне іріктеу және денсаулық, дене даярлығы, дене дамуы бойынша мониторинг жүргізу, ата- аналарға әдістемелік нұсқаулық пен монография әзірлеу жоспарлануда.