Алматы облысы: Ауылдағы тірек мектебінің әлеуеті

Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп іске асыратын «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасына кіріктірілген болатын. Осыған орай бұл білім ордасының материалдық – техникалық базасына қоса сыныптар қайта жаңартылды, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Арнайы ұйымдастырылған шараға өңір жетекшісі Марат Сұлтанғазиев, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова, Білім саласын тұрақты дамыту қорының жетекшісі Данияр Тоқтарбаев, аймақтың бас ұстазы Салтанат Беспаева арнайы қатысып, жергілікті білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Бағдарлама аясында НЗМ жарақтандыру стандарты бойынша 37 оқу кабинеті мен шеберханасы, STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жаңартылғаны белгілі болды. Бұл мектепте 2083 оқушы тәлім алса, 219 педагог еңбек етеді. Ұстаздар ұжымының басшысы материалдық-техникалық базаны жаңарту және педагогтарды оқытудың арқасында ауыл мектебі өз әлеуеті мен тәжірибесін ауданның басқа мектептерімен бөлісуге мүмкіндік ал,анын айрықша атап айтты.

Қор тарапынан қолға алынған бұл жаңа жобаның басты міндеті – ауылдық жерлерде тірек мектептерді дамытуды көздейді. Әрі аймақтағы білім сапасын арттыру үшін зияткерлік мектептің әлеуеті мен басқа да қажетті мүмкіндіктерді тиімді жұмылдыруға мүдделі. Еліміздің барлық аумағынан он жеті ауылдық тірек мектептерін құруды жоспарлаған олар мектебінің мұғалімдерін оқыту курстары мен тағылымдамадан өткізу түрінде әдіснамалық көмек көрсетуді бастаған екен. Және бұл мектепті жарақтандыруға 249 миллион 825 мың теңге жұмсағаны мәлім болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий