Солтүстік Қазақстан облысы: Жаңа жабдықтармен жарақтандырылды

Аймақтағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында «Арнайы мектептік білім беру ұйымдарын жабдықтау» жобасының тұсаукесері ұйымдастырылып, бұл шараға өңірдің бас педагогы Назир Жашибеков арнайы қатысты, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қайырымдылық жобаның басты мақсаты – арнайы мектептерді заманауи жиһаздармен және оқу жабдықтарымен жаңарту. Кабинеттерде заманауи және ыңғайлы жиһаздар, компьютерлер, интерактивті панельдер, станоктар мен шеберханаларға арналған қажетті құрылғылар пайда болды. Жаңа тактильді-дамыту және сенсорлық жабдық, соңғы модификациядағы сөйлеу тренажерлері балалардың қалпына келуіне және оңалтылуына көмектеседі.

Заманауи құрал-жабдықтармен төрт арнайы мектеп жабдықталған, жобаның құны шамамен сексен миллион теңгені құрайды. Тұсаукесерге Айсағалиева София Серікбайқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасы төрағасының орынбасары; Русина Александра Григорьевна – «Kazdidac» қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары; Исимбаев Еркін Тұрашұлы – «Kazdidac» білім беру технологиялары орталығының директоры, Тағаниязов Нұржан Миржанұлы –денсаулық сақтау басқармасы басшысының бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы шақырылған болатын.

Тұсаукесерге жиналған мүдделі құрылымдардың ресми өкілдері мәлімдегендей оқу процесінде заманауи оқу-түзету-дамыту жабдықтарын пайдалану ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жоба тағы үш білім ордасында жалғасын табады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий