Түркістан облысы: Отаншылдық тәрбиенің маңызы

Төлеби ауданындағы Қосан Мамытовтың есімін иеленген жалпы орта мектептің базасында “Білім берудегі ата-ананың ролі және патриоттық тәрбиенің өзектілігі” тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Бұл басқосуға білім беруді дамыту орталығының “Тәрбие және әлеуметтік-психология” кафедрасының әдіскері Басқараева Рапия Тохтабайқызы бастаған аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, алғашшы әскери дайындық жетекшілері қатысты, – деп хабарлайды Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп – интернатының ДТЖО Ж.Баедилова, педагог – психолог Э.Керимкулова, сынып жетекшілер Г. Заитова және Г.Шинтаева «Жеке тұлғаның бойына құндылықтарды қалыптастырудағы мұғалім мен ата-ананың рөлі» тақырыбында аудандық мектептердегі директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен арнайы коучинг ұйымдастырып, тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия бөлімінде жиналғандардың барлығы кері байланыс орнатып, тақырып аясындағы ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар әдістемелік қоржындарын қажетті дүниемен толықтырғандарын айрықша атап айтып, ұйымдастырушылардың тарапынан алғыстарын білдірді. Семинар соңында ұсыныстардың негізінде арнайы хаттама толтырылып, сарапшы мамандардың қызметін бағалау үшін облыстық білім беруді дамыту орталығының атынан марапат берудің қажеттілігі мақұлданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий