Таза табиғат: Алғашқы экологиялық форум

Аудан әкімі Тауба Қаиржанұлы Исабаевтың бастамасы бойынша және қолдауымен табиғат жанашыры Бирмағамбетов Наурызбектің үйлестіруі негізінде “Neco” облыстық эко клубы біздің білім ордасының базасында алғашқы экологиялық форум ұйымдастырып, жиналған аудандағы барлық педагогтар мен білім алушылар арнайы  шеберлік сынып алаңдарға қатысты.

Экоактивист Наурызбек Бирмағамбетов топырақ құнарлылығын арттыру үшін экологиялық таза тыңайтқыштарды қалай жасауға болатынын көрсету мақсатында құрт өсіру бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. Ол өзі туып өскен кіші отаны біздің ауданда егіншілікті оқыды және қазір барлық тілек білдірушілерге тәжірибесін үйретіп жүр.

“Надежда плюс kst” қоғамдық бірлестігінің еріктілері мейірімділік сабағын өткізді. Бұл бірлестік уақытша қаңғыбас жануарларға оңалтуға көмектеседі, олар өз мысалында “Біздің кішкентай бауырларымызды” әртүрлі трюктар мен командаларға қалай үйретуге болатындығын көрсетті. Мұны жануар мүлдем естімесе де жасауға болады. Сонымен қатар, балаларға фото, видео және экологиялық өнімдер-сөмкелер, шопперлер мен косметика жасау бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді.

Тұңғыш эко-фестивальға ауылдық округтерден сексеннен астам оқушы қатысты. Шараны ұйымдастырушылар экология тақырыбында білім алушылардың идеяларын тыңдап, ең белсенді еріктілерді ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Айтуларынша алдағы уақытта қызықты экологиялық жобалар 100 000 теңге көлемінде қаржыландырылады. – Бұл басқосу біздің жемісті жолымыздың басы ғана. Болашақта біз бұл форумның аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Жұртшылықтың экологиялық сауаттылығын көтеру үшін ең алдымен ұстаздар қауымы және жастармен тығыз байланыс орнатудың қажеттілігі үлкен мағызға ие, – деді жиналғандармен түрлі тақырыпта еркін әңгімелескен Н.Бирмагамбетов.

Татьяна ИВАНОВА,
Абай атындағы жалпы білім беретін
мектеп директорының ТІ  жөніндегі
орынбасары, Қостанай облысы, Федоров ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий