Батыс Қазақстан облысы: Химия пәні мұғалімдерінің өңірлік форумындағы бірінші орын

Атырау қаласында өткен «Мектептегі химия сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары» тақырыбындағы химия пәні мұғалімдерінің өңірлік форумында «West chemistry teachers» байқауы оздырылды. Батыс Қазақстан облысының құрама командасы жүлделі бірінші орынды иеленді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Команда мүшелері: Жаннатова Айжан Климовна – Дінмұхаммед Қонаев ат. 44 МГ; Закирова Шара Ғалымжановна – “Ақниет ” гимназиясы; Шакирова Ақторғын Тулегеновна- 40 ЖОББМ; Қоныспай Райхан Қуанышқызы – БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп лицей интернаты, химия пәнінің мұғалімдері.
Байқау 3 бөлімнен тұрды: 1 тур- олимпиада есептерінің шығару; 2 тур- практикалық тур; 3 тур-“Тұрмыстағы химия” лайфхакпен бөлісу. Байқауға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе,Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының ең үздік химия пәні мұғалімдерінен жасақталған командалар қатысты. Форум аясында жаратылыстану-математика бағыты арналған “Мектеп” баспасы химия оқулығының авторы: Белоусова Татьяна Геннадьевнамен химия пәні мұғалімдеріне кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мұғалімдер мектептегі химия пәнін оқытудағы проблемаларды талқылап, өздерін толғандырған сұрақтарды оқулық автормен талқылады. Форум жоғарғы деңгейде өтті. Батыс Қазақстаннан барған команда- аймақ бойынша үздік екендерін дәлелдеп, жеңіспен оралды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий