Ұрпақтар сабақтастығы: Білім берудің тұрақтылығы мен табыстылығының кепілі

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы біздің колледжде алғашқы ашылған мамандық ретінде ерекше орны бар. Оқу  орнының  110 жылдық мерейтойы қарсаңында кафедра оқытушылары «Заманауи мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті тенденциялары» тақырыбында ұрпақтар сабақтастығының  дәстүрлі кездесу кешін өткізді.

Бұл басқосудың мақсаты – білім алушылардың колледж тарихы туралы білімдерін кеңейту, колледжде еңбек еткен ардагер ұстаздар мен  нәтижелі ісімен танылып жүрген колледж түлектерін  дәріптеу, болашақ мамандығына қызығушылығын ояту, ұрпақ атынан алғыс білдіру. Шара колледждің аға буыны, директор болып қызмет атқарған Лидия Ивановна Белоконьның бейне құттықтауынан басталды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығына еңбегі сіңген  педагогтар Бақыт Камешқызы Мұқажанова, Тамара Өтегенқызы Маденова қадірлі қонақ болып қатысты.

Орта буынғы  қонақтар қатарында колледж түлектері, қазіргі кезде қаламыздың және облыстың мектепке дейінгі мекемелерінің  меңгерушілері мен әдіскерлері де болды. Олар №47 «Бәйтерек» М.д.Ұ меңгерушісі Т. Мұқатова, №48 «Мұрагер» М.д.Ұ меңгерушісі Э.Ерешова, №7 «Айналайын» М.д.Ұ меңгерушісі А. Кенжегарина,  Жәнібек ауданның Жәнібек аулының «Алтынұя» М.д.Ұ аға әдіскері А. Саматов.

Мәртебелі меймандар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты, өздері білім алған аудиторияларға кіріп, студенттік шақтарды еске түсірді. Қазіргі заманға сай студенттердің жаңа білім беру  орталықтарымен  танысты. Қонақтарды мектепке дейінгі робототехниканың мазмұнын ашатын LeqoStem, “Сөйлеуді дамыту орталығы”, “Таным орталығы”, “Шығармашылық орталығы” кабинеттері қызықтырды. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрашева Гүлнар Сырымқызы құрметті қонақтарға  колледж әкімшілігі атынан алғыс білдіріп, шараның мәні мен мазмұнын ашты.

Колледждің ғасырдан астам жылнамасындағы мамандықтың орны мен рөлін ерекше бағалады. Бұрынғы колледж түлектерінің бүгінде серіктес ретінде заманға сай мамандар дайындауда колледжбен тығыз байланыстағы жұмыстарының нәтижесінде кадрларды сапалы дайындаудағы зор үлестеріне ризашылық білдірді. Жүздесуге ғылыми қызметпен айналысып жүрген  колледж түлектері БҚАТУ-дың  аға оқытушысы, доцент Г.Джонисова,  БҚМУ-нің  аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты А. Муханбетчина өз ілтипаттарын білдіріп, бейнеролик түрінде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті тенденциялары туралы пікірлері мен құттықтау тілектерін жолдады.

Жиналғандар арасында  эмоционалды көңіл-күй мен  жағымды орта құру  мақсатында тренинг-ойындар ұйымдастырылды. Тақырыптың мазмұнын ашу үшін колледж тарихы, басшылар мен оқытушылардың жетістіктері туралы бейнефильм  көрсетілді. Болашақ ұрпақ атынан «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері тәрбиеші мамандығы туралы өз шығармашылығынан өлеңдерін оқып, әндерін айтты,  әдемі би биледі.

Келген қонақтар білім алушылардың сұрақтарына  жауап беріп, колледжде оқыған сәттерін еске алып, қызықты сәттерімен бөлісті. Білім алушыларға өздерінің оқу орны мен таңдаған кәсібімен мақтануға тілек білдірді. Шара барысында студенттер қонақтардың портреттерін бейнелеп, естелік ретінде сыйға тартты.

Ажар Батырбаевна САРСЕНГАЛИЕВА,
Жаһанша Досмұхамедов атындағы
жоғары педагогикалық колледжінің
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
кафедрасының меңгерушісі, Батыс
Қазақстан облысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий