Абай облысы: Биғашта бар балабақша

Көкпекті ауданындағы Биғаш негізгі мектебі жанынан 25 балаға арналған толық күнді бала-бақша ашылды. Жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышты сәтіне аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев де қатысып, жиналған жұртшылыққа ізгі лебізін білдірді, – деп хабарлайды Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ділдәбек Тәжібайұлы жаңа нысанның ел игілігі үшін пайдалануға берілуіне үлес қосып, демеушілік жасаған бірқатар кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарын алғыс хаттармен марапаттады. Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру бағытындағы бұл орталық әлеуметтік маңызға ие.

Біріншіден, ауылдағы бүлдіршін мемлекеттік стандарттағы бала-бақшамен қамтамасыз етілсе, екіншіден кәсіби мамандығы бар алты адам тұрақты жұмысқа орналасуда. Сонымен қоса, бұл әлеуметтік нысан тұрғындарды осы ауылда одан әрі орнықтыруға үлкен септігін тигізетін болады.

Жалпы осы аудан бойынша алдағы уақытта оннан астам елді-мекендерде бала-бақшалар ашу жоспарланған. Қолға алынған жобалар жүзеге асқан кезде ресми есепке алынып, кезекте тұрған үз жүзден астам сәби балабақшадағы орынмен қамтамасыз етіліп, қосымша жүз елуге жуық жаңа жұмыс орны ашылатындығы көзделген.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий