Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы болып қайта құрылды

Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының миссиясы – озық тәжірибе, зерттеулер және университеттердің академиялық еркіндігін алға жылжыту негізінде Қазақстандағы жоғары білім сапасын арттыру. Сондықтан жаңартылған Орталықтың функциялары Болон процесінің параметрлерін бақылау және білім туралы шетелдік құжаттарды танумен қатар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытуды кешенді ғылыми, әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Орталықтың Болон процесінің параметрлерін енгізуді қолдау жөніндегі қызметі Орталық Азия жоғары білім кеңістігінің тұрақты жұмыс істейтін Бюросының ашылуына байланысты жаңа серпін алды. ОАЖБК Бюросы Орталық Азия елдері аумағында Болон процесінің негізгі міндеттемелерін орындауға ықпал ететін негізгі институтқа айналады.
Орталық жұмысының басым бағыты іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді сынақтан өткізіп, нәтижелерін жоғары оқу орындарының тәжірибесіне енгізу болып табылады. Орталықтың қызметі аясында өңірлердегі жоғары білім беруді дамытуға бағытталған жобалар – «Мамандығым – Болашағым» және «Академиялық шеберлік орталығы» жобалары жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, Болон процесінің параметрлерін ілгерілету мақсатында инновациялық оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, әдістемелік және басқарушылық құзыреттілігін арттыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам мен университет қызметкерлеріне курстар өткізу арқылы университеттердің ғылыми және басқарушы кадрларын дамыту – Орталықтың өзекті мәселелерінің бірі саналады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий