Қостанай облысы: Оқушылар отандық кәсіпорынға барды
Қостанай қаласындағы М. Горький атындағы гимназияның 9 “В” және 9 “Д” оқушылары оқыту бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдауға негізделген кәсіптік бағдар беру мақсатында жауапкершілігі шектеулі «СарыарқаАвтоПром» серіктестігіне барып, отандық қуатты кәсіпорының тыныс-тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды осы облыстағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Арнайы ұйымдастырылған экскурсияға білім ордасының жоғары сынып шәкірттерімен бірге ата-аналарын құрайтын жиырмадан астам адам қатысты. Бұл өнеркәсіптік құрастыру талаптарын орындайтын жалғыз отандық автоөндіруші, оның шеңберінде автомобиль корпусын дәнекерлеу, бояу және құрастыру операциялары жүргізіледі.
Аралаушы топтың мүшелерімен жүздескен зауыт өкілдері тарапынан бүгінгі таңда өндірілетін өнім желісінде әлемге әйгілі JAC, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva брендтері ұсынылатындығы туралы қызықты ақпараттар айтылып, жұмыс барысы таныстырылды. Оңтүстік Кореяның Kia автомобильдерін ірі тораптық құрастыру және Lada автомобильдерін шағын тораптық әдіспен құрастыру ісі екі жыл бұрын басталған екен.
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіптік даярлау орталығының бас маманы Өмірзақова Ажар зауыттың құрылу тарихынан бастап бүгінгі таңдағы қызу еңбек күндері мен ертеңгі болашаққа жоспарланған басым бағыттарын әңгімелеп, мектеп бітіретін жас түлектер мен үлкендерді қызықтыратын барлық сұрақтарға нақты жауап берді.
Загрузка...