“Буктрейлер” республикалық байқауы

Бұл байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен ұйымдастырылуда. Ұлттық институт ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Арзу Саликованың айтуынша, байқау Халықаралық балалар кітабы күніне арналған.

– Шығармашылық сайыс балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының сүйікті кітаптары туралы бейнероликтер қабылданады, — дейді ол. Басты мақсаты: шығармашылық қызмет негізінде қатысушылардыц тұлғасын эстетикалык тұрғыдан дамыту мен білім алушылардын оқу белсенділіктерін арттыруға бағытталған.

Негізгі міндеттері – оқуды қолдау және насихаттау, оқуға қызығушылықты арттыру; балалардыц шығармашылық және зияткерлік әлеуетін жоғарылату; әр түрлі жастағы шәкірттердің оқырмандық белсенділігін қалыптастыру; шығармашылық қарымы мен қабілетіне сәйкес дағдыларын жетілдіру; түрлі өнердің мәні мен маңызын түсіну үшін қажетті көркемдік және эстетикалык ұғымдардың сырын білуге тәрбиелеуді көздейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий