Семинар практикум: Зияткерліктің заманауи тәсілдері

“Балалық шақ” балабақшасының меңгерушісі Айман Нурсеитқызымен бірге семинар барысында

Елордалық білім басқармасының № 75 «Балалық шақ» балабақшасында «Балалардың зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында арнайы семинар практикум ұйымдастырылып, бұл іс-шараға қалалық әдістемелік орталықтың мамандары мен жергілікті мектепке дейінгі балабақша педагогтері қатысты.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып, жетілуі үшін қажетті дамытушы орта балабақшада ұйымдастырылған. Тек осындай ортада баланың қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.

Басқосу аясында кіші топ балалары ата-аналарымен бірге  музыкалық ұйымдастырылған іс-әрекет барысында «глюкофон» музыкалық аспабымен танысып күй орындап ән айтты. Ересек топ балалары «менің шеберханам» атты ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ұсталық өнер, шағын ательеде өздерінің қолынан жасалған бұйымдарды әшекейледі.

Халық және гумандық педагогика негізінде ұйымдастырылған технологияларды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ұйымдастырылған іс-әрекеттер ұсынылды. Интерактивті технологиялар, Воскобович технологиясы, мнемотехника, графикалық модельдеу әдісі, саусақпен сурет салу әдісі, губкаграфика әдісін тиімді қолданудың мүмкіндіктері мен маңызы сарапқа салынды.

Нурмағанбетова Айман Нурсеитқызы басқаратын ұйымшыл ұжымның осы семинар-практикумды биік деңгейде ұйымдастыруын жоғары бағалаған қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері және қатысушы ата-аналар жоғары бағалап, таңдап алынған тақырыпты түсінікті тілде талдаумен қатар әріптестерінің ұтымды ұсыныстары мен пайымды пікірлерін тыңдаған баяндамашыларға шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Ләззат ТҮРКІСТАНОВА

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий