Ұлытау облысы: Сабақты зерттеудің мәні мен маңызы

Аймақтағы әдістемелік орталықтың бастамасымен Жезқазған қаласындағы Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің базасында «Сабақты зерттеу» тақырыбындағы арнайы қалалық воркшоп ұйымдастырылып, облыс орталығындағы білім беру ұйымдарының өуілдері белсене қатысты, – деп хабарлайды Ұлытау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл басқосудың мақсаты – «Педагогикалық шеберхана» жобасы аясында зерттеу топтарының тәжірибелерімен бөлісу арқылы серіктестікті нығайтуға бағытталған болатын. Іс-шараға мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, жетекші және серіктес мектеп үйлестірушілері, педагогтар арнайы шақырылды. Воркшоп барысында келесі мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жұмыстар ұйымдастырды.

№1 ЖББМ математика пәні мұғалімі Ж.Смагулова, №4 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Б.Сайдалина, №4 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Ж.Дадуова, №7 МЛ химия пәні мұғалімі К.Жанайдарова, №8 гимназия математика пәні мұғалімі Л.Керимбекова, №13 ЖББМ тарих пәні мұғалімі Л.Абдраманова және №26 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Жаксыбаева.

Жүздесу шеңберінде бөліскен тәжірибелер қала ғана емес облыстың барлық аумағындағы мектептерде оқитын шәкірттерге берілетін білімнің сапасын арттыруға, педагогтардың шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға тың серпін беретіндігімен ерекшеленіп, зор маңызға ие болғаны даусыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий