Ақмола облысы: Отанды қорғау – перзенттік парыз

Зеренді ауданындағы Шағалалы жоғары агротехникалық колледжі базасында ұйымдастырылған «Отанды қорғауға дайындалу» облыстық байқауына жергілікті мектептер мен колледждерден жасақталған 19 команданың құрамындағы елу жеті үміткер қатысып, төрт ойын бойынша бақтарын сынады, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде жүлделі бірінші орын орын әл-Фараби атындағы IT лицейіне, екінші орын Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі командасына және үшінші орын Красный Яр агротехникалық колледжіне бұйрса, командалық есептеті бірінші орынды Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейі; екінші орынды Бурабай ауданының командасы және үшінші орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі теленді.

Жеке есепте «Пневматикалық винтовкадан оқ ату» аталымы бойынша ұлдар арасындағы үздік нәтижеге Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенті Оразалин Саянда қол жеткізсе, қыздар арасындағы бәсекеде осы оқу орнының білімгері Жукенова Гульназда басымдық көрсетті.

«Автоматты бөлшектеу және құрастыру» аталымы бойынша ұлдар арасындағы үздік нәтижемен Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушысы Мадиев Адильде дараланса, бұрымдылар арасындағы сайыста Щучинск қаласының жоғары техникалық колледж студенті Алиева Севиляда ешкімне есе жібермеді.

Мықты дайындықпен келген басқа да қдағы қарымдыатысушылар саптық дайындық шеберлігін, командада жұмыс істеу, автоматты бөлшектеу және құрастыру қабілеттерін көрсетті. Жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды, – дейді ұйымдастырушылардың өкілі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий