Мектеп психологтарына үйретілетін әдіс

Мектеп психологтарына отбасылармен жұмыс істеудің жаңа әдістеріне үйретіледі, – деп хабарлады Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты. Мыңнан аса мектеп психологтары әртүрлі типтегі отбасылармен жұмыс істеудің тиімді форма, әдістерін меңгеретін болады.

– Психологтарды ата – аналарды тәрбиелеу процесіне тарту және « Мұндай шараны «Мектеп-отбасы» жүйесінде өзара бірлескен іс-қимылды қалыптастыру және тиімді әдістемелерге оқыту үшін өткіземіз, – дейді Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты департаментінің директоры Гүлназ Сағымбаева.

Айта кетейік, вебинарға білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік педагогтер, психолог, сынып жетекшілері, кураторлар мен тәрбиешілер қатысып, оқу барысында спикерлердің тарапынан басқосуға жиналғандардың барлық сұрақтарына толық жауап берілген.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий