Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында сайлау учаскесінде дауыс беру тәртібі
Сайлау учаскесінде осы учаскедегі тізімге енгізілген сайлаушылар, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін ұсынған адамдар дауыс бере алады. |
17 облыстың сайлау учаскелеріндегі әрбір сайлаушы 5 сайлау бюллетенін алады: – Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі; – Парламент Мәжілісінің бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі; – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі; – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі; – облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар мәслихаттарының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау жөніндегі. Тиісінше Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы сайлаушылар 4 сайлау бюллетенін алады. Басқа өңірлерден, оның ішінде есептен шығару куәліктерімен келген, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде дауыс беретін азаматтар тиісті округ шегінде ғана дауыс береді. |
Әр сайлаушы жеке дауыс береді. |
Сайлау бюллетеньдерін сайлау комиссиясының мүшесі жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде береді. |
Азаматтар сайлау бюллетеньдерін жасырын дауыс беру кабинасында толтырады, онда олар кандидаттың немесе ол дауыс беретін саяси партияның оң жағындағы бос шаршыға немесе «Бәріне қарсымын» деген жолдағы шаршыға белгі қояды. |
Бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ сайлаушы өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылы және оның тегі сайлаушылар тізімінде сайлаушының бюллетеньді алғандығы туралы қолының тұсына енгізіледі. |
Мыналар: 1) сайлау комиссиясының мүшесі; 2) жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы; 3) кандидаттың сенім білдірілген адамы; 4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі; 5)тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы ондай адам бола алмайды. |
Толтырылған бюллетеньдерді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшікке салады. |
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Загрузка...