TOU ENBEK.kz сайты үшін оқыту курсын әзірледі

ToU қазақстандық жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып отандық enbek.kz еңбек биржасымен жұмыс істей бастады. Қызметкерлер бірнеше бағыт бойынша қысқа мерзімді курстар әзірледі: «Маркетинг және менеджмент», «Бизнес және басқару, ақпаратты өңдеу» және «Энергетика», – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу материалы онлайн режиде қолжетімді. Торайғыров университетінің курстарына видео, дәріс конспектілері, бейнесабақтар, тұсаукесерлер, тәжірибелік және тест тапсырмалары енген. Бұл өнім Еңбек ресурстарын дамыту орталығының модерациясынан өтті.
Ол өз дағдыларын дамытып, жаңа мамандықты меңгергісі келетін адамдарға пайдалы болмақ. Бұл – білім беру онлайн-курстарындағы Торайғыров университетінің алғашқы тәжірибесі. Бірақ, кез келген дүние бір орында тұрмайды. Алдағы уақытта өнім Coursera әлемдік жетекші платформасында пайда болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий