Қостанай облысы: “Ән аға – Шәмші аға” ретро – фестивалі қорытыланды

Тобыл қаласы төрінде ғажайып сазға толы Қазақстан Республикасының халық әртісі, вальс королі атанған ұлы сазгер – Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән аға – Шәмші аға» ретро- фестивалі өтті, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Фестивальдің мақсаты аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушы, ән падишасы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын насихаттау, өз тыңдармандарына қауыштырып, қазіргі жастарға үлгі ету еді. Фестивальге Қостанай аудандарының мектептерінен және мектепке дейінгі ұйымдардан педагогтер қатысты.

Фестивальге Таңатқанова Назгүл, Испергенова Жұлдызай, Бектенбетов Райымбек, Шарипов Әділбек, Ертас Айзат, Кабдрахманова Асем, Кабыкен Нүриден, Темиргалиева Бимаржан, Жумабаева Оразгуль, Молдагулова Марал, Толегенова Жанат, Нургазина Жанна, Меруерт Нургелдина, Арайлым Биссембаева, Космагүл Алпысбаева, Еркебұлан Кубенов, Асем Кабдрахова, Гирик Яков, Арстанбекова Гулфира Мерекиновна, Дилмагамбетова Роза, Жабагина Тана, Хамзина Камила, Айнұр, Жадра Балаканова, Кодукуп Камшат, Тұрмағанбет Жаннұр, Мнайдар Жанат, Уразакова Айдана, Сайдильдина Самал, Жүсіпова Айсұлу, Серікбай Нұрбол.

Бұл кеште, Шәмшінің, халық арасында кеңінен таралып, өз заманының шлягері болған әндерін ғана орындалып қоймай, сирек орындалатын әндері де қайта жаңғырып, көрерменге жол тартты. Көрермендер Шәмші әндерін аса тебіреніспен тыңдап барлық дерлік әндерге қосылып отырды. Шәмші әндері, оның шығармашылығы – ұлттық мәдениеттіміздің тамаша көрінісінің бірі ретіне көгімізде қалықтай берсін! Ән мерекесі, өнер мерекесі ұзағынан болсын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий