Ақтөбе облысы: Білім беру саласындағы сапаның маңызы зор

ҚР ОАМ Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлназ Сүлейменова Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық басқарманың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын зерделеуді ұйымдастыру, өткізу, негізгі бағыттары мен объектілері, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері түсіндірілді. Кездесу соңында Гүлназ Төралынқызы қатысушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап беріп, нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертлеуовамен, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенғалиевамен, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Н.Абишевамен және облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының міндетін атқарушы Ж.Скаковамен бірге облыстың білім саласының өзекті мәселелерін талқылап, оларды жою бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий