Шығыс Қазақстан облысы: Сапалы маман даярлаудың маңызы

Қазіргі уақытта өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, аймақтың жиырма сегіз колледжінде 49 мамандық бойынша 2900 студентті қамти отырып, жауапкершілігі шектеулі «Қазмырыш», «Өскемен ЖЭО», «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны», «СМУ-Шығыс», «Востокцветмет» серіктестіктері және «Риддер орман шаруашылығы» мекемесіне қоса тағы да басқа жетекші кәсіпорындармен ынтымақтастық негізде дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жыл сайын колледждердің әлеуметтік әріптестер саны артып келеді, өңірдегі 976 кәсіпорынның екі жүз қырық тоғызы дуальды оқытуға қатысып отыр. Дуальды оқытуда студенттер теориялық негіздерді колледжде өтеді, ал тәжиребелік дағдылар жұмыс орнында, яғни нақты ұйымда нақты мәселелерді шешуде тәжірибелік дағдыларды алады. Тәжірибелік дайындық рөлінің артуы арқасында болашақ мамандар өндірістік дағдыларды оқу барысында игереді.

Студенттер тәжірибеден өту арқылы кәсіпорынның жұмыс тәртібімен, экономикалық жағдайларымен және мүмкіндіктерімен танысады. Осы кезеңде жұмыс берушіде студенттердің білімі мен дағдылары туралы пікір қалыптасады, және де олар кадрларды «тапсырыс бойынша» дайындап, кәсіпорынның талаптарына барынша сәйкестігін қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді іздеу мен іріктеу, қайта даярлау және бейімдеу шығындарын үнемдеу арқылы ең үздік студенттерді таңдау мүмкіндігіне ие бола отырып, үш жыл ішінде студенттердің күшті және әлсіз жақтарын айқындайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий