Шымкент қаласы: Кітапхананың инновациялық қызметі

Қосымша білім беру орталығының «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру және құндылықтарға баулу» бөлімі мен жергілікті физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен жоспары аясында «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының инновациялық қызметі» тақырыбында мектеп кітапханашыларына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Шараның мақсаты – мектеп кітапханашыларының біліктілігін және ақпараттық сауаттылығын арттыру, кітап оқуды насихаттаудың заманауи әдістерімен таныстыру, тәжірибе алмасу. «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберіндегі кездесуде зияткерлік білім ордасының аға педагог-кітапханашысы Ж.Есқараева мен педагог-кітапханашы М.Л.Юн “Padlet” тақтасын толтыру арқылы пікір алмасуды ұйымдастыру әдістерімен және «Clipchamp» – бейелерді жасауға арналған кәсіби мүмкіндіктері бар тегін онлайн бейне редакторымен таныстырды.

Gynzy – кітапхана сабақтарын құруға арналған интерактивті онлайн тақта арқылы жұмыс істеу әдістері мен «Reding Man» жобасын іске асырудың жолдарымен таныстырды. Сонымен қатар жиналғандардың назарына жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бірнеше шебер-сыныптар мен практикалық сабақтар ұсынылып, тақырып аясында ой-пікірлер алмасылды. Ұйымдастырушылар тарапынан ортаға салынғын ұсыныстар зерделеніп, нақты шешімдер қабылданатындығы айтылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий