Қостанай облысы: Даутов Жан – екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері!

Алматы қаласында Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы және Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Дәстүрге айналған олимпиада дәстүрлі форматта өтті. Еліміздің үздік математиктері күрделі және қызықты есептерді шешу үшін ғана емес, сонымен қатар өзара пікір, тәжірибе алмасу үшін жиналды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қостанай облысының атынан дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 2 оқушысы: Даутов Жан (10 сынып) мен Саматов Алихан (8 сынып) қатысты. Алихан үшін, бұлхалықаралық олимпиадаларға қатысуда тәжірибе жинақтау болса, ал Жан үшін,оның олимпиадалық өміріндегі жаңа белес болды.

Өткен жылы «Жібек жолы» олимпиадасында Жан алтын медальға ие болса, ал биыл екі олимпиаданың жүлдегері атанды: Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы – алтын медаль және математикадан «Жібек жолы» олимпиадасы – күміс медаль. Жан мен оның тәлімгері Сейдуалы Дарын Жұмабекұлын керемет нәтижеге қол жеткізуімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий