Астанадағы “Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер” тақырыбындағы семинар

Астанада жоғары оқу орындары ректорлары мен академиялық мәселелер бойынша проректорлар үшін «Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер» атты республикалық семинар өтті. Жиында «Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасы таныстырылды, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Министр Саясат Нұрбек жиынға қатысушыларға қазіргі қоғамның трендтері мен сын-тегеуріндеріне байланысты Қазақстанның жоғары білімін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарды жеткізді. Іс-шара барысында спикерлер білім беру стандарттарындағы өзгерістер сипатына, микробіліктілік бағдарламаларын іске асыруға, онлайн мүмкіндіктерді пайдаланудың инновациялық тәсілдерін қолдануға, сондай-ақ «таза парақтан» реттеу саясатына байланысты мәселелерді қозғады.
Семинар сұрақтарының бір бөлімі жоо-лардың кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимылына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес түлектердің дағдыларын қалыптастыруға арналды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің спикерлері жоғары оқу орындарының «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасының нормаларын іске асырудағы рөлін және жаңа кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру қажеттігін атап өтті.
Вице-министр Қуаныш Ерғалиев кездесуді қорытындылай келе, интегралды GPA және қолданбалы бакалавриат бойынша пилоттық білім беру жобаларының жетістіктері, сондай-ақ, 2022 жылы енгізілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында олардың академиялық дербестігін кеңейту бойынша инновацияларды жоо-ның іске асыруының алғашқы нәтижелерін атап өтті.
Іс-шараға 100-ден астам академиялық мәселелер бойынша жоо бөлімшелерінің басшылары мен проректорлар, сондай-ақ 300-ге жуық жоғары оқу орындарының өкілдері онлайн қосылды. Жалпы семинарда жоғары білім беруді трансформациялауға әсер ететін және академиялық мәселелердің түрлі жаңа аспектілерін айқындайтын негізгі трендтер талқыланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий