“Алтын қазына” облыстық көрмесінде ақмолалық оқушылар үздік қол жұмыстарын ұсынды

Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» «Алтын қазына» облыстық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының көрме-байқауын өткізді, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Көрме байқаудың мақсаты білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаларын әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру. Көрмеге 15 аудан мен 3 қаладан барлығы 95 білім алушы қатысты.

Қазылар алқасының құрамында: Амиржанова А.О. – Ш. Уәлиханов атындағы шығармашылық және спорт кафедрасының меңгерушісі, лектор, дизайн магистрі; Раимбекова А.Д. – лектор, педагогика магистрі Ш. Уәлиханов атындағы университет; Шарипов Р.Х. – педагогика магистрі Ш. Уәлиханов атындағы университет.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың жұмыстары жасалуының сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Көрмеге тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылды.

Қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы», «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш)», Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу», «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау».

«Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау», «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше», «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт. Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар берілді.

Құттықтаймыз! «Алтын Қазына» облыстық көрме-конкурсының жеңімпаздарының толық тізімін Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтынан көре аласыздар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий