Қожа Ахмет Ясауи: Түркі әлемінің алтын шоғыры

Қасиетті Түркістан  шаһары ерте заманнан бері исі қазаққа, барша түркі жұртына таныс рухани астанамыз саналады. Екінші Мекке атанған,  тарлан тарихымен, текті мұраларымен дараланған төрт қақпалы Түркістан. Адамзатты ақиқат жолына үндеуші Қожа Ахмет Ясауи тұтас бір әлем.

Қожа Ахмет Ясауи – ақын, ойшыл, ұстаз, тұркі жұртына иман нұрын шашқан  діни қайраткер.  Ясауи – таңғаларлықтай табиғи үйлесім тапқан ақындығы мен пәлсапалық ойшылдығы бір ғана мақсат жолына – туған халқының білімі мен ғылымы,  еркіндігі, түркітану ғылымы мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортаазиялық ойшыл,   әлеуметтік теңдігі жолындағы алысқа құлаш сермеуі, адами кемелдікке арнаған кемел тұлға.   Ясауи ілімі халқымыздың өзегі, рухани кемелденіп дамуымыздың негізі. Ясауи кесенесі  біздің баға жетпес байлығымыз.

Әзірет Сұлтанымыздың ойшылдық асқақ тұлғасы – ежелден білімге, дінге,ғылымға басымдық беруі, зияткерлі ұлт қалыптастыру идеясы халық рухының ерекше көрінісі. Ғұмырсүйгіштік философия –ақиқат. Ясауи өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Таным-пайымның  табиғатына қарай  жылжып,  ақиқатқа қарай өріс алып,  жандана түседі. Өмірде адамдардың бір-біріне жақсылық  жасауы, Аллаға сену, оң көзқарас және шынайы жанашырлық.

Жақсы ой жақсылыққа  үміттену  кісіні алға ынталандырады, жігер қайратты қамшылайды.  Қазақтың «Жақсы сөз жарым ырыс »-деген нақыл сөзі осыған келіп саяды. Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері,барша түркі еліне ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясауи  түркі тілінде  бейнелі жыр жазудың үлгісін жасады. Суырып салма ақындығы әдебиетке өзгеше серпін берді, Қасиетті Құран Кәрімде баяндалатын  тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әмбиелер жөніндегі әпсаналар өз хикметінде  жақсы пайдаланған.

Даналық кітабы – қазақ халқының ертедегі  мәдениетіне әдебиетіне,  тарихына,  этнографиясына  қатысты тың деректер табуға болады. Ясауи кесенесі ЮНЕСКО әлемдік мұралар тізіміне енген асыл жауһарлардың бірі. Түркі жұртында  Ясауиді құрметтеп, пір тұтып Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет,  Маңғыстауда –  Пір Бекет арсыздыққа жол бермес парасаттылықтың асқан үлгісі деген тәмсіл бар. Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ.Негізгі өсиеті – адал еңбек. Еңбек еткен әрқашан мұратқа жетер деп хикметтерінде келтіреді.

????????????????????????????????????

Диуани хикмет үлкен ізденіс пен пайымдаулар, ұрпаққа қалған ғибратты мұрасы үлкен дәуірлік сипатқа ие туынды. Осы еңбегінде жомарттық, қанағат, достық, адалдық, сүйіспеншілік, ғылым-білім, жақсылық пен жамандық әділетсіздік, көрсеқызарлық кеңінен қамтылған. Шығармаларында парасат-пайым, кеңдік, тектілік бар. Бар ғұмыры мен қызметін өскелең ұрпақ тәрбиесіне, идеялық-өнегелік жолға арнады. Талантты туындысы хикметтерде шындықтың, ақиқаттың шарайнасы ғана емес, ұлттық рухтың қаншалықты биіктеп кеткенінің көрінісі.

Ұлы ойшылдың тереңде жатқан рухани тұтастығын байқайсың. Байырғы түркі ұғым табиғатынан тамыр тартып, бүтіндей жаңа мағына алып келген. Ой жүйесі, сөз саптауы, ой мен ұғым  жақсылыққа жетелейтін астарға толы. Өзгеріп отыратын Ақыл десе, жаратқан  адам да туа бітті білімге ұмтылады. Жан сарайы таза, көкірек көзі ашық болды. Жаугершілік заманда көкірегінде намысы бар жігіт атаулының бәрі жауынгерлік өнерді үйреніп, сауыт-сайман киіп, ел қорғауға атсалысқан.

Даламыз тудырған  тарихи оқиғалар, ірі өзгерістер, қоғамдық құрылыстар,  деректер, ұлы бабамыздың жазбаларынан табылуы ғибратты. Ұлы ғұлама шығармаларындағы аңыз-әпсаналарда  суреттелуі де кейін кесенеде жерленген қазақ батырлары мен хандары да қасиетті мекенде жерленуі Әзірет Сұлтанның ғажайып құдіреттілігін танытады. Ұлтқа ұйытқы ұлы тұлғалар небір жақсылар мен жайсаңдар, от ауызды, орақ тілді шешен билер  мұра қалдырған асылдың сынықтары да осы қасиетті мекенде мәңгілік тыныстап жатыр.

Қымбат Исланбекқызы БІРМАНОВА,
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп
гимназияның директоры, педагогикалық
білімдер магистрі, Қостанай облысы, Рудный қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий