Жастарды кәсіптік білім беруге тарту
Білім көкжиегінде кәсіптік білім беру саласы әрқашан өзектілігін ақтап қалмақ. Тіпті жыл санап оның маңыздылығы арта түсіп, жауапкершілік салмағы көбеюде. Білім беру саласы тек білім алушының тағдырын ғана шешіп қана қоймайды, ел ертеңіне де ықпал ете алады. Ұлт тәрбиесі мен қоғамның кірпіші боп қаланатын жастарды оқытып, тәрбиелеу жолында облыстық білім беру басқармасына қарасты біздің арнаулы оқу орнының тұғыры ерекше.
Дуалды оқыту жүйесіне көшу 2012 жылы басталды .Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Дуалдық оқу жүйесі бойынша 60 % тәжірибе, 40 % теориялық білім беріледі.
Қазіргі уақытта дуалдық оқыту бойынша кәсіпорын мен колледж арасында 3 жақты келісім шарт 50 серіктеспен жасақталған. Колледж әлеуетті жұмыс берушілерді біздің түлектеріміздің мамандықтары мен кәсіби мүмкіндіктері туралы ақпараттандырады, бұл алдағы бірлескен қызмет үшін ынтымақтастық шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді. Кәсіптік тәжірибеден өту үшін колледж кәсіпорындармен (ұйымдармен) келісіп, тәжірибеден өтудің бағдарламасын және оқу үрдісінің кестесімен бекітеді.
Білім алушыларды іс тәжірибеге жіберу тәжірибенің өту мерзімі, базасы және жетекшісі колледж басшысының бұйрығымен рәсімделген. Сонымен қатар, білім алушыға нысандар бойынша кәсіпорындағы технологиялық іс-тәжірибеден өтіп жүргендігі туралы күнделік беріледі. Білім алушылардың іс тәжірибеге өтуі кезінде колледжден және кәсіпорыннан (ұйымнан) жетекшілер тағайындалады. Оқу практикасында білім алушылардың жұмыс күнінің ұзақтығы жасына және өндірістік жағдайларға байланысты жұмысшылардың тиісті санаттарына арналған қолданыстағы еңбек туралы заңнамаға сәйкес кәсіпорындарда (ұйымдарда) 6 академиялық сағатты құрайды.
Өндіріс ісі орынбасары әр оқу жылының басында жылдық жоспарлары мен кестесін бекітіп, соған сәйкес әлеуметтік серіктестермен бірге жұмыстар атқарады. Кәсіптік тәжірибе базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттар негізінде жүргізіледі. Келісім-шарттарда колледж, тәжірибе базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі айқындалады. Тәжірибе өтетін кәсіпорын – база еңбекті қорғау бойынша нұсқама өткізеді: жұмыс орнында кіріспе нұсқама береді, білім алушылардың тәжірибенің барлық түрлерін орындауы үшін қажетті жағдай жасайды, тәжірибе аяқталғаннан кейін әрбір білім алушының жұмысы туралы мінездеме береді.
Кәсіптік тәжірибенің түрлері, мерзімдері мен мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында, тиісті мамандықтың білім беру бағдарламасында анықталған. Жұмыс орнында білім алушыларға кәсіпорынның білікті қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіледі. Тәжірибе аяқталғаннан кейін білім алушылар жұмыс мамандығын алуға біліктілік емтиханын тапсырады, біліктілік комиссиясының құрамына кәсіпорын – тәжірибе базаларының мамандары кіреді.
Оқу тәжірибесін аяқтағаннан кейін білім алушылар демонстрациялық емтихандарын тапсырады, бұл олардың тәжірибелік дайындық деңгейін тексеру болып табылады. Емтихандарды кәсіпорын директорының бұйрығымен құрылған біліктілік комиссиясы қабылдайды. Комиссия құрамына кәсіпорын өкілдері, өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары кіреді. Базалық және кәсіби дағдыларды игеру және оқыту сапасын жақсарту үшін оқу үрдісінің кестесінде қол қойылған шарттар негізінде базалық кәсіпорындардан мамандарды тарту арқылы тәжірибелік сабақтар қарастырылған.
Қазіргі уақытта колледж техникалық және кәсіптік білім берумен кадрларды дайындау бойынша оқу орнымен өзара ынтымақтастық жөнінде келесі кәсіпорындармен меморандумға қол қойды: “Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі»; «Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі»; «С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі; «Маңғыстау туризм колледжі»; Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялық колледжі» және Астрахан мемлекеттік университеті.
Шефтік қамқорлыққа алу туралы меморандум, Санкт-Петербург гуманитарлық университеті Самар филиалы. Колледж мамандықтар бойынша базалық ұйымдармен және кәсіпорындармен тығыз байланыста және олардың білім алушылардың кәсіби құзыреттілігі туралы оң пікірлері бар. Колледж кәсіптік тәжірибеден өту үшін базалық кәсіпорындардың ауқымын кеңейтіп, одан әрі жұмысқа орналасуға ықпал етеді. Әлеуметтік серіктестерден мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша ұсыныстардың түсуі адами капиталды дамытуда басты көзқарасы бар жоғары білікті мамандардың кәсіби даярлығын растайды.
Колледждің негізгі әлеуметтік серіктестері:
1. ЖШС «CP Hotels Atyrau» |
2. ИП Egoist |
3. ТОО Тубу |
4. ЖК Жардемова |
1. ЖК Бердиев |
2. Ақмарал тәттілері |
3. ТОО Ярмарка |
4. ТОО Буркит Сейфти |
5. ТОО Өнерпаз |
6. Ателье Арафат |
7. Ателье Асма |
8. ТОО Armata Catering |
9. ТОО Джида |
10. ЖК Адиетова |
Соның ішінде дуалды оқыту шеңберінде өндірістік тәжірибеден өту үшін екі жақты келісім-шартқа қол қойылды. Келісімшарт үш данадан тұрады, бір данасы өндірістік тәжірибе жүргізілетін кәсіпорын жетекшісі үшін, екінші данасы колледж жетекшісі үшін, үшінші данасы білім алушы үшін. Келісім-шарттар жасақталғаннан кейін Атамекенге қол қойылады. Тәжірибе базасын кеңейту және колледж түлектерін жұмыс орындарымен одан әрі қамтамасыз ету үшін кәсіпорындардың шеңбері кеңейіп, олардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда, бұл оқу бағдарламасын тапсырыс берушілердің тілектеріне сәйкес реттеуге мүмкіндік береді.
Кездесулердің нәтижесі – мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмыстың әдіс-тәсілдерін анықтау мақсатында колледж бен кәсіпорындар арасында ақпарат алмасу. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады. Дене шынықтыру және спорт біздің колледжде әрқашан жоғары деңгейде қарастырылған және жоғары бағаланған. Студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастырып, әрдайым спорттық іс шаралар өткізіп, жас буынның денсаулығын нығайтуда, жеке тұлғаны үйлесімді дамытуда жұмыс жасаған дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Тлегенов Темірхан мен Пупыкин Юрий Георгиевичтің үлесі көп.
Атырау облысы Білім беру басқармасы және Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен қазақша күрестен облыстық Ұлттық студенттер лигасында 60 кг салмақпен Тураев Мухаммад ІІІ орынды иеленді. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен қараша айында облыстағы жоғарғы оқу орындары және колледждерде білім алып жатырған түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен “Ұлт үні” байқау өткзілген болатын. Осы байқауға колледж атынан Кондитер7 тобының студенті Бостанова Лунара Николайқызы “Алғыс хатпен” марапатталды.
«Worldskills» чемпионаты. 2021 жылдың мамыр айында Сервис колледжінде 6 құзыреттілік бойынша «Worldskills» Атырау облыстық чемпионаты өтті: «Шаштараз өнері», «Аспаз ісі», «Наубайшыісі», «Кондитер іс», «Сән технологиясы» және «Мейрамхана ісі», ол колледжде және «GP Hotels Atyrau» ЖШС әлеуметтік серіктестер базасында өтті. Ресми түрде Алматы қаласынан «Айтқұл» ЖШС тәуелсіз сарапшылары «Khama park» мейрамханасының директоры Әділханов Серікхан Сәметұлы және оның әріптестері шақырылды.
Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды А.Сиражев – «Аспаз ісі», Е.Вязниковцева – «Шаштараз өнері», Н.Сәкенова –«Сән технологиясы», Елубай А. – «Кондитерлік іс», Оразов Р. – «Наубайхана ісі», Коротаева В. – «Мейрамхана ісі», Жұмабаева А. «Сән технологиясы» (инклюзив). Чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы және техникалық мамандықтардың беделі мен дәрежесін арттыру, жастарды кәсіптік-техникалық білім беруге тарту. Сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау,
«WorldSkills» Ұлттық чемпионатына қатысу үшін өңірлік құрамды даярлау. «WorldSkills» әдісі-әлемдегі ең жақсы тәжірибелердің бірі. Осы әдістеме бойынша чемпионатқа қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, жоғары көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік алады. Жыл сайын өткізілетін конкурсқа қойылатын талаптар да өзгереді. Жыл сайын Атырау облысы білім басқармасының «Атырау сервис колледжі» КМҚК «Worldskills» облыстық және республикалық чемпионаттарына қатысады.
30.11.2021 жылы «Атырау сервис колледжі» КМҚК-да WorldSkills Kazakhstan-2021 Ұлттық чемпионатының стандарттары бойынша «Сән технологиясы» құзыреттілігі негізінде инклюзивті топтар бойынша (Abilympics) чемпионат өтуде. Чемпионаттың ашылу салтанатында Нұр-Сұлтан қаласында «Worldskills Kazakhstan-2021» Ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты көрсетілді, сондай-ақ білім министрі А.Аймағанбетовтың «Жасөспірімдердің жас буынына» сәттілік тілеп, колледж директоры Буревская Г.С. бүгінгі чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Чемпионатқа Атырау сервис колледжінің инклюзивті тобының студенті Жұмабаева Аяжан және Семей қаласының «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжінің» студенті Мирбаева Марал Архатовна қатысты. Қатысушы студенттерге сурдоаудармашы Тулеугалиева Айкумыс Миллатовна жетекшілік етті. Чемпионат барысында ШҚО «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері, Семей өндірістік оқыту шебері Толкынай Фаратқызы, «Атырау сервис колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері Айтжанова Меруерт Бахитқызы сараптама жүргізді.
Чемпионатқа қонақтар ретінде біздің әлеуметтік серіктестеріміз Исмагулова Марзия – «СИЗСЕНТЕР» ЖШС орталығының маманы және «Өнерпаз» ЖШС үйінің пішушісі Лукпанова Ақбөбек қатысты. Чемпионатты «3 модуль» бойынша үш күн өткізілді. 2021 жылғы желтоқсанда «WorldSkills Қазақстан» республикалық чемпионатында Оразов Р. – «Наубайхана шеберлігі, Вязниковцева Е. –«Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша медальондарын алды. 2022 жылдың желтоқсанында біздің колледж студенттері келесі құзыреттер бойынша «WorldSkills Қазақстан» республикалық чемпионатына қатысты.
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Ш. Нұрланова, «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша Анирова К, «Кондитерлік іс» А. Елубай, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша А.Елубаев, «Мейрамхана сервисі» бойынша И.Ниязбаев, А.Өтепов – «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша қатысты. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар оқу орнымызда «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша 10-11 жас аралығындағы оқушыларға арналған «ЖасSkills» байқауы өтті. Байқауға Атырау қаласындағы мектептің оқушылары қатысты. Мақсаты-оқушыларды мамандықтарға баулу.
«Атырау сервис колледжі» КМҚК-да арнаулы мамандықтармен қоса мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған мамандықтар бойынша кәсіптік білім алып шығады. Колледжге Атырау облысындағы Махамбет, Құрманғазы аудандарындағы арнайы балаларға арналған мектеп интернаттарынан 9 сыныбын бітірген денсаулығында ерекшелігі бар балалар Атырау облысы Білім Беру Департаментінің 2005 жылғы 27 тамызындағы №333 бұйрығы негізінде, №2 Махамбет және Облыстық арнайы №3 мектеп интернатын, қала мектептерінің 9 сыныбын бітірушілер оқып тәрбиеленіп келеді.
Бұл білім алушылардың барлығының денсаулығында әртүрлі ерекшелігі бар, бірақ сол ерекшелікке қарамастан білім алуға өте құштар. Қазіргі таңда колледжде ерекше білім беру қажеттілігі бар 24 студент оқып жатыр. Бұл аталған студенттер 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша 3W07230101 «Тігінші» біліктілігі негізінде диплом алып шығады. Атырау сервис колледжінде Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Республикалық инновациялық «Ерекше білімді қажет ететін арнайы және инклюзивті балаларды қалыпты ортаға бейімдеудің жолдары және әдіс-тәсілдері» бағытында форум өтті.
Форумға «Тігінші» мамандығында білім алып жатырған мүмкіндігі шектеулі студенттер қатысып, өз өнерлерімен ерекшеленді.Форумды өткізуге белсене атсалысқан колледж психологы А.Х.Калиева студенттермен бірге психологиялық тренингтер өткізді. Сонымен қатар форумға келген қонақтар колледж базасымен танысып, әр цехта өндірістік оқыту сабағы өту барысында өндірістік оқыту шеберлері М.Б.Айтжанова, А.М. Телеугалиева, Қ.Қ.Комытова ерекше білімді қажет ететін студенттермен жеке жұмыс жасады.
«Жас маман» жобасы шеңберінде оқытылатын 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары «Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы (2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы), «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту» туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 3-қосымшасымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығына Техникалық және кәсіптік білім берудің 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары (295 қосымша) мен бағдарламасын (296 қосымша) басшылыққа алып, дуальды оқыту, кредиттік-модульдік технология бойынша жасақталды. Өндірістік оқыту бойынша колледждің оқу цехтарында, ал өндірістік тәжірибелер түрлі кәсіпорындарда меморандум негізінде немесе келісім шарт бойынша өтеді.
Колледжде жұмыс берушілер күніне орай дуалды оқыту шеңберінде түлектерді мансаптық өсу, жұмысқа орналастыру мақсатында бітіруші студенттермен әлеуметтік серіктестер арасында кездесу өтті. Аталған шараға колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты. Шараға кәсіптік білім беру кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің басшысы Тлепбергенова Раушан Амангалиевна және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бойынша сарапшысы Тлемисова Толқын Аскаровна қатысып, үздік әлеуметтік серіктестер ЖШС «Ярмарка» сауда үйінің бас технологы Деева Галина Викторовна мен «Джида» мейрамханасының бас аспазшысы Акбалиев Жанболат Ишангалиевич Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А.Айтмағамбетовтің алғыс хатымен марапатталды.
Атырау сервис колледжі мен «Тоғжан» жеке кәсіпкер арасында ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Кездесуде ЖК «Супагалиева», ЖК «Сәрсешова», ЖШС «Буркит Сэйфти», ЖШС «Өнерпаз»-дың басшылары колледждің алғыс хатымен марапатталды. Заман талабына сай педагогтерге де оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға , сондай ақбұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге біліктілік курстары қажет етті. Бұл мақсаттарды іске асыру тек білім арттыру курстары арқылы мүмкін еді.
Оқытушылар Атырау облысының Білім басқармасының “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Атырау облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты”, “Талап” КЕАҚ ұйымдастырған курстарға, семинарларға қатысып,үнемі біліктіліктерін арттырып отыруда. Жұмысқа енді кірген, тәжірибесі жоқ жас мамандарға дұрыс бағыт бағдар беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек көрсеткен әдіскерлеріміз Қайнарбаева Гүлмира Аққазықызыныңда орыны ерекше.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қатарына көп жылдар аралығында колледжге қызмет еткен Кушенова С.М. Айтжанова М.Б. Шукатирова Т.С.Железнова Л.Н.Жусупова Б.Х. Беккалиева Г.Б.Жунисова Б.Б.Тусипова Т.А.Джулдаева Г.Т. Жалмуханова Г.Т. Есарева И.В.Бериккалиева Н.Б. Жанабаева А. Айдынгалиева Г.С.Джайлауова А.Е. сияқты оқытушыларды жатқызуға болады.
Осы оқытушылар өз жұмыстарын жігерлене атқарып, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, коллдждің қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысады. Жыл сайын студенттер саны көбеюде. Қыруар жұмыстар атқарылып, заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған цехтар жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда зейнетке шыққан ұстаздардың орнын басып жас ұстаздар еңбек етуде. Шәкірттеріне мамандықтардың қыр сырын ашып,сапалы білім беріп, мол жетістіктерге қол жеткізуде.
Бұл оқытушылар жоғары білікті мамандар, әркез өздерінің білімдерін дамытып, әр түрлі сайыстарға қатысып, шеберліктерін көрсетуде. «Білім шыңы қоғамдық ұйымның» ұйымдастыруымен анайы пән оқытушысы Б.Е.Бусырманова мақтау қағазымен және «Құрметті ұстаз» төс белгісімен марапатталды. Соның бірі арнаулы пән мұғалімі М.С. Дюсупова 2023 жылы облыстық “Креативті куратор” сайысына қатысып, алғыс хатқа ие болды.
Әрине әр оқу орнының үлкендері бар, олар біздің қазынамыз, әр кезде еңбек етіп, әр мамандықтың иелері болған колледждің еңбек ардагерлері. Білім шаңырағындағы игілікті істердің куәсі болып, келешегі кемелді, болашағы жарқын, бәсекеге қабілетті мамандардың тәрбиеленуіне үлес қосып жүрген жоғары білікті 52 оқытушы бар,оның ішінде 1сарапшы, 1 зерттеуші, 2 модератор, 6 магистр қызмет етуде. Қорытынды аттестациялау кезінде 2023 жылы ақпан айында аттестациядан табысты өтті
Туған колледжімнің асар тауы, алатын шыңы әлі алда, еліміздің өркендеуіне білікті де білімді мамандарды даярлап, мол үлес қосады деген сенімдемін. Мен өзімді осы қасиетті білім ордасының бір бөлшегі екенімді мақтан етемін.
Галина Саметовна БУРЕВСКАЯ,
Атырау сервис колледжінің
директоры, Атырау облысы