Пән бірлестіктері: Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызды екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі түрлерінің бірі – пән апталықтарын ұйымдастыру. Біздің білім ордасында пәндер бойынша апталықтар өткізу дәстүрге айналған. Наурыз мейрамы қарсаңында шәкірттер «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тарих, жаратылыстану пәндерінің апталығына қатысты.

Басты мақсатымыз – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптей отыра, ата-баба дәстүрін жалғастыратын,  ұлттық тәрбиені сақтайтын, туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін  оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу және өзара тәжірибе алмасу болды. Атаулы апталық мектеп фойесінде ұлттық нақышта безендірілген көрме ұйымдастырылып, күмбірлеген домбыра үнімен ашылды. Ұлттық ойындар ойнатылып, қазақтың бас тағамы бауырсақ пен құрт таратылды.

Белгіленген бойы оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту барысында ашық сабақтар, танымдық интеллектуалдық сайыстар, сонымен қатар әр үзіліс сайын оқушыларға «Қара жорға» биі ұйымдастырылды. «Дарынды ұстаз – талантты оқушы» атты оқушылар шығармашылығынан көрме өткізілді. «Мұражай – мол қазына» тақырыбында мектеп мұражайына саяхат жасалды. Апталықтың жабылуына орай  арнайы қонақ, тарихи мәні бар «Алтын адам» шақырылып, белсене қатысқан оқушыларды арнайы дипломдармен марапаттады.

Самал Мурзатаевна САДВАКАСОВА,
№18 жалпы орта білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімі,
Айбат ХИВАТДОЛДА,
биология пәнінің мұғалімі, әдістемелік
бірлестіктің жетекшілері,
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий