Қоғаммен байланыс: Ортақ мүдде қалыптастырудың маңызы

Біздің аймақтық орталықта ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырудың жүйелі жоспары да жасақталған. Орталықтың барлық филиалдары контент-жоспар жасақтап, сол бойынша әлеуметтік желілерге (Facebook, Instagram, YouTube), Telegram каналға қызықты айдарлар бойынша материалдар жариялап отырады.

“Teacher’s Talk”, “Жас ұстаз”, “Қызықты оқыту!», «Идеялар қорапшасы», «IТ – бұл оңай” айдарлары арқылы ұстаздар түрлі форматтағы қызықты да мазмұнды ақпараттармен танысады. «Қайткенде де ақылыңа көбірек азық бере жүруге тырыс» (Лев Толстой) дегендей, мұғалімдер қажетін кәдеге жаратады. Қазіргі таңда 1 895 оқырманы бар педагогтерге арналған қызықты «Orleu-help» каналына облыстық филиал оқытушылары да өз материалдарын ұсынып отырады.

«Қызықты оқыту» айдарында Мұнайлы ауданындағы  №9 жалпы білім беретін орта мектептің  биология пәні мұғалімі  Э. Әбуова «Биология пәнін оқытуда геокэшинг технологиясын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Пән мұғалімінің айтуы бойынша, аталмыш технология оқушылардың қоршаған дүниенің заттары мен процестеріне танымдық қызығушылығын дамытады, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді, зерттеу және ізденіс жұмыстарын жүргізеді, ақпаратты іздеу, өңдеу және ұсыну дағдыларын қалыптастырады.

Филиалымыздың жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы М.Сахарбаева баламен жазу жұмысын ұйымдастырудың оңай әрі тиімді жолын көрсету үшін «Идеялар қорапшасы» айдарында  https://blog.nils.ru/generator-propisey/ сілтемесімен бөлісті. Бұл онлайн сайт мұғалімнің енгізген әрпін, буын, сөз, сөйлем, мәтінін жазба жұмыстарына түрлендіреді. Сілтемеге өту арқылы мұғалім 1-сынып оқушыларына арналған жазба онлайн қызметімен танысып, жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болады.

Ақтау қаласындағы № 17 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі А.Самигулинамен болған «Ұстазбен сұхбат» айдарында Б.Тәжібаев әріптесім дайындаған кейбір «қызық сұрақтардың» жауабын оқып қарайық: Оқушыға қалай дұрыс ескерту жасауға болады? Сауатты және ақылмен. Бұл – ұзақ жылғы тәжірибемен келетін тәсіл. Мен өзім жай ғана қараймын, не даусымды көтеріп сөйлеймін. Сіздің мұғалімдік қызметтен бас тартып, басқа жұмысқа ауысқыңыз келген кездер болды ма? Алғашқы 3-5 жылда болды. Ал қазір – жоқ. Мен балалармен жұмыс жасағанды ұнатамын.

Үзіліс кезінде коридорда тұруға қалай шыдайсыз? Иә, қиындығы бар, оның үстіне сенің кезекшілігің болса. Шыдап бағу керек болады. Балалар ойнағысы келеді, жүгіргісі, дауыс көтеріп сөйлегісі келеді, ал мектептің ішінде оған жол жоқ. Мен көп жағдайда балаларды әңгімеге тартуға тырысамын. Әріптесім Жұмабаева Ақбілек «IТ – бұл оңай» айдарына Mentimeter платформасында жұмыс істеу туралы бейненұсқаулығын ұсынды. «Mentimeter» – онлайн сауалнамалар мен сұрақтарға жауап беретін дизайнер.

Ақзия Төренқызы  ДҮЙСЕНБАЕВА,
Өрлеу-Маңғыстау филиалы директорының
орынбасары, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий