Оқушының “ақылды” фермасы

Түркістан облысының оқушысы «ақылды» ферма жобасын жасап, жұртшылықты таң қалдырды. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен қатар түрлі «ақылды» дүниелердің қатары көбейді. Олардың бірі – «ақылды» ферма. Бұл – Төлеби ауданындағы № 6 мектептің алтыншы сынып оқушысы Елдос Елудің ғылыми жобасының бөлігі.

Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті. «Ақылды» ферманың макетін жасау барысында ол үш өлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған.

– Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады. Фермадағы датчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіп тұрады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады, – дейді жас өнертапқыш. Ерекше қабілет иесінің бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде алғашқы қатардан көрінсе, облыстық байқауда жүлделі екінші орынмен марапатталған еді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий