Атырау облысы: Ортақ мүдденің мақсаты

Мұнайлы өлкенің бас ұстазы Гүлнар Садуахасова Наурыз мерекесіне орай, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесті. Жүздесудің басты мақсаты үкіметтік емес ұйымдармен білім басқармасы арасында тығыз қарым-қатынас жасай отырып, облыстағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Басқосу барысында өңірдегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға қатысты үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныс-пікірлері ортаға салынып, маңызды мәселелер талқыланды. Сөз сөйлегендердің айтуынша ортақ мүдде тұрғысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды зерделеу арқылы ұйымшылдықпен бірлесе орындаудың маңызы зор.

Кездесу шеңберінде салалық құрылымның жетекшісі Гүлнар Манапқызы балалардың қоғамда тәрбиеленуі мен тең құқылы білім алуына қолдау көрсетіп отырған үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына ризашылығын жеткізіп, ізгілікті істерімен ерекшеленген танымал тұлғаларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий