ҚАЗҰУ QS BY SUBJECT рейтингінде көш бастады

QS World University Rankings by Subject 2023 (QS WUR by Subject) әлемдік рейтингінің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –  қазақстандық және Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында  дайындық бағыттарының 14 бағыты және бес пәндік саланың төртеуі бойынша сенімді нәтижелер көрсеткен жалғыз университет, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Биыл университет “География” бағыты бойынша алғашқы рет 151-200 позициясын иеленіп, әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына енді. Сондай-ақ “Философия” бағыты бойынша көрсеткіштерін жақсартып, топ 101-150-ге енді. Сонымен қатар ағымдағы жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 542 білім беру бағдарламасының 25 пайызы QS by Subject рейтингіне енді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық.

Дайындық бағыттарының бесеуі бойынша ҚазҰУ өзінің өткен жылғы жоғары позицияларын сәтті сақтап қалды: “Археология”, “Ағылшын тілі мен әдебиеті” – 151-200, “Математика” – 251-300, “Физика және астрономия” – 451-500, “Химия” – 501-550. QS by Subject рейтингінде ҚазҰУ-дың жетекші позицияларын нығайтуына университеттің озық ғылыми қауымдастықтармен, отандық және әлемнің әлеуетті жұмыс берушілерімен жемісті ынтымақтастық байланыста болуы өз ықпалын тигізді.

QS by Subject рейтингі ЖОО-ны бес индикатор негізінде: оның ішінде университеттердің академиялық беделі, түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми мақалаларына сілтемелер жасалу деңгейі, олардың Хирш индексі және университеттің әлемге әйгілі ұйымдармен халықаралық зерттеу байланыстары бойынша бағалайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының жарияланымдық белсенділігінің жоғары деңгейі және университеттің 500-ден астам жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ауқымды ынтымақтастық қатынаста болуы оның зерттеу университеті мәртебесін және стратегиялық мақсатына қол жеткізуге дәйекті ілгерілеуін растайды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және бұдан да үлкен жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий