Ақтөбе облысы: Сингапурлік менторлар педагогтердің құзіреттілігін арттыруда

Ақтөбеде «ХХІ ғасырдың  білім беру ұйымдарындағы әдістемелік көшбасшылық» тақырыбындағы курс-тренинг ұйымдастырылды. Семинар облыс әкімі Ералы Тоғжановтың білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында қолға алынған болатын. Өңір басшысы осы шараның шебңберінде жергілікті мектеп басшылары мен педагогтерінің құзыреттілігін арттырып, олардың оқыту әдістемелерін жетілдіру мақсатында Сингапурдан арнайы келген кәсіби мамандармен кездесті.

Мемлекет басшысы ауыл және қала оқушылары үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Қазақстанда алғаш рет Ақтөбе өңірінде шағын жинақты ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған Bilim All бірегей жобасы іске асырылуда. Жоба басталған кезде ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім деңгейіндегі айырмашылық он бес пайызды құрады.

Мұғалімдердің қарқынды жұмысының нәтижесінде екі айда айырмашылық 11,5%-ға дейін төмендеді. Бұл жоба ауыл балаларына облыс орталығының үздік мектептеріндегідей білім алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар, оның ішінде педагогтардың құзыреттілігін арттыру. Бұл мәселеде біз әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибесін пайдалануға ниеттіміз, – деді жиналғандар алдында сөз сөйлеген Ералы Лұқпанұлы.

Сингапур мұғалімдер кәсіподағының Бас хатшысы Майк Тируман, сингапурлік MentorEd International компаниясының директоры Лилия Мухаметшина ақтөбелік педагогтардің біліктілік деңгейіне жоғары баға беріп, оқыту курсының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Шетелдік сарапшылар төрт күн бойы зияткерлік көшбасшылықтың, оқушыларды өз бетінше оқытудың жаңа әдістерімен бөлісіп, мұғалімдердің әдістемелік әлеуетін ашуға көмектесті.

Ералы Тоғжанов тренинг өткізіліп жатқан «Kemel Bilim» мектеп-лицейіне барып, жиынға қатысушылармен түрлі тақырыпта әңгме жүргізді. Бұл оқуға мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері, соның ішінде аудандардан келген мұғалімдерді қоса есептегенде барлығы 85 адам шақырылған еді. – Басты міндетіміз – оқытудың жаңа әдістемесін әзірлеу. Біз білім берудің жүйелі тәсілін қалыптастырып, балалардың сапалы білімге тең қолжеткізуін қамтамасыз етуіміз керек.

Бұл өз-өзіне сенімді, ауыл, өңір және тұтастай елдің дамуына септігін тигізетін адам тәрбиелеуге мүмкіндік береді, – деген аймақ басшысы, Сингапур тәжірибесін ескере отырып, білім беру жобасын әзірлеу жоспарланып отырғанын айрықша атап айтты. Және менторларға табыс тілеп, жемісті ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

Ақтөбе облыстық білім
басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий