Абай облысы: Білім басқармасының бас жүлдесі

Шымкент қаласындағы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау аясында ұйымдастырылған «Great qazaq games» республикалық этнофестиваліне белсене қатысып, жаңадан құрылған өңірдің намысын қорғаған жергілікті сала мамандары тіккен шаңырақ 170 киіз үйдің ішінен үздік атанып, бас жүлдені қанжығаларына байлады, – деп хабарлайды Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Гран-при марапатын Мәдениет және спорт министрі мен шым шаһардың әкімі табыстады. Бұл бірегей іс-шараға еліміздің барлық аймақтарынан басқа түркі тілдес мұсылман буырларымыз Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзербайжан елінің өкілдері қатыып, ұлттық өнер мен мәдениеттегі үндесулер мен қатар ерекшеліктерін көрсеткен болатын. Жауапты шараға облыстық білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ерекше мән беріп, ұйымшылдықпен атсалысқанын айрықша атап айтқанымыз абзал.

– Мыңдаған шақырымды артқа тастап, оңтүстік өлкеге келген сапарлары барысында ағартушы ақын бабамыздың атындағы аймақтың абыройын асырып, жауапты кезең, сын шақта ауыр жүкті жұмыла көтерген облыстық бас ұстазы басшысы Нұржан Нығметоллаұлы мен басқарма басшының орынбасары Әсем Хасенқызына және колледж директорларына шексіз ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз, – днді дүбірлі шараны ұйымдастырушылар мен үшінші мегаполистегі танымал әріптестері.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий