Еңбек нарығы: Мамандық таңдау – маңызды қадам

Жаңартылған білім беру тұжырымдамасында «Білім алушыларды еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларды ерте бейіндеу қажет» делінген. Бұл тұрғыда республикалық деңгейдегі жүз үздік мектептің қатарына енген біздің білім ордасында оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Қазіргі таңда әлемде мамандықтың қырық мыңға жуық түрі бар. Зертеушілердің мәліметіне сүйенсек әр жыл сайын төрт мыңнан астам даңа кәсіптің түрі пайда болады екен. Қазақстанда 175 мамандық 97 білім беру бағдарламасына кіріктіріліп, отандық жоғары оқу орындарында білім берілуде. Жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының көпшілігі қазіргі білім алу саласындағы барлық мамандықтар жайлы толық ақпараттарды біле бермейді.

Осы орайда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқушыларға кеңінен таныстыру мақсатында мектеп кітапханасында «Profession» мамандыққа бағдар журналының тұсауы кесілді. Мамандық түрлері көп болғандықтан оларды түлектерге таныстыру үшін қандай да бір құралдың қажеттігін түсіндім. Соның негізінде журнал шығару идеясы туындады. Журналда мамандықты таныстырушы – оқушы, оқырманы да – оқушы болып табылады.

Сондықтан болар, білімгерлердің арасында журналға деген ерекше қызығушылық туындады. Журналда мамандық таңдау жолында ізденісте жүрген жас зерттеушілердің мақалалары жарияланған. Барлығы дерлік 10 және 11-ші сынып оқушылары. Және өз қабілетіне сай саналы түрде мамандық таңдап отырған оқушыларды көпке үлгі етуді көздейді. Әрбір жарияланымнан оқушының неліктен осы мамандықты таңдағанын, бұл мамандыққа түсу үшін адам бойында қандай қабілет пен дағды керектігін, мамандықтың жақсы және жаман тұстары туралы толық ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар мектепте кәсіптік бағдар беру мақсатында жүргізілген шаралар туралы тың мәліметтер бар. Журнал оқырман үшін қолжетімді, электронды нұсқада барлық сыныпқа таратылды. Журналды оқыған әрбір оқуырман мамандықтармен таныса отырып, өз болашағы туралы, қандай мамандық таңдау қажеттігі жайлы ойланары анық. Оқушының болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынасы аса маңызды.

Өз тәжірибемде досы қандай мамандық таңдаса өзі де сол мамандықты таңдаған, ата-анасының айтқан мамандығына түскен адамдар өте көп. Мұның себебі баланың өз бойындағы қабілетті білмеуі және мамандықтар туралы ақпараттың жетпегендігінен болып отыр.   Ұсынылып отырған кестеде 2021-2022 оқу жылында оқушылардың арасында көп таңдалған мамандықтар көрсетілген.

Статистикалық мәлімет бойынша оқушылардың басым көпшілігін мамандықтың нарықтағы сұранысы қызықтырады. Мамандық таңдауда алдымен адамның жүрек қалауы, содан кейін табысты мансап, биік бедел, жоғары жалақы, сұранысқа қажеттілік екендігін жете түсіндірген абзал. Әрбір оқушыға өмірінде бір рет келетін таңдауды қателеспей жасауына жағдай жасау қажет. Сондықтан да бұл журнал тек мектеп ішінде емес, республика деңгейінде жарық көретініне сенімім мол!

Индира БИТАЙ,
№13 гимназиясының педагог кәсіптік
бағдар берушісі, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий