Ақмола облысы: “Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының жергілікті жеңімпаздары
Іс-шара жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыруға, оларды өңірдің білім беру ұйымдарында бекітуге бағытталған. Байқауға еңбек өтілі үш жылдан аспайтын білім беру ұйымдарының 21 жас педагогы қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқаудың облыстық кезеңі үш тапсырмадан тұрды: бірінші тапсырма – «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу. Екінші тапсырма – «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру. Үшінші тапсырма – «Ашық сабақ». Байқауға қатысушылар Көкшетау қаласы мектептерінің алаңдарында бейтаныс сыныпта сабақ өткізді.
Республикалық конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – Маханова Аяулым Болатовна, Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көп салалы гимназиясы, география пәні мұғалімі; 2 орын– Умурзакова Дамели Танатовна, Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі; 3 орын – Туткушев Алмаз Дулатович, Көкшетау қаласының «Білім-инновация лицей- интернаты, физика пәні мұғалімі.

Номинациялар: «Шеберлік шыңындағы жас педагог» – Мейрам Кәмила Сүйіндікқызы, Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі, математика пәні мұғалімі. «Тұлғаның мәдени және рухани негіздері» – Боранбаев Ербол Канатович, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі, тарих пәні мұғалімі. «Цифрлық трансформация» – Жагпаров Нариман Еркокшеевич, Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, информатика пәні мүғалімі.
Загрузка...«Әдістемелік идея» – Сайлауова Айдана Асқарқызы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі, биология пәні мұғалімі. Облыстық кезең жеңімпаздары (Маханова А.Б., Умурзакова Д. Т., Туткушев А.Д.) Щучинск қаласының «Балдәурен» РМҚК-да өтетін VI республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңістер тілейміз!