Ақтөбелік оқушылар жобалық менеджментті игеруді бастады

Ақтөбе қаласының №28 орта мектебі, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы №3 мекетеп-гимназиясы және Ақкемер орта мектебі ұстаздары мен жоғары класс оқушылары жобалық менеджментті игере бастады. Бұл жобаға барлығы алпыс адам қатысты, – деп хабарлайды осы облыстағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетсек, «Жобалық менеджмент» курсының тыңдаушылары 40 академиялық сағат көлемінде: жобалық менеджмент. Жобаны басқарудың халықаралық тәжірибесі; жобаны басқару түсініктері. Ұйымдастыру стратегиясы және артықшылықтары; жобаның мүдделі тараптары және ұйымдық құрылымы; жоба командасын басқару; жоба коммуникациясын басқару; пәндік топтар (мүдделі тараптар, мазмұн, ресурстар, уақыт кестесі) бойынша теориялық білім алады. Жобаға қатысушылар семинар соңында өз идея-жобаларын ұсынатын болады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий