ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының “Қарлығаш” балабақшасының өкілдері Көкшетаудағы мектепке дейінгі ұйымдарында болды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері танысу, тәжірибе алмасу және одан әрі ынтымақтастық мақсатында Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес қонақтар «Нұр бала» бөбекжайы, «Алтын бала» балабақшасы, «Zerek» бөбекжайына барды. Кездесудің екінші бөлігі дөңгелек үстел түрінде өтті. Оған Көкшетау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері шақырылды.

Сондай-ақ, «Zerek» бөбекжай-бақшасы» МКҚК базасында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК өкілдері «Желілік балабақша моделі» жұмыс тәжірибесімен бөлісті, «МҰ-да білім беру сапасын бағалау үшін Есегѕ-3 шкаласын пайдалану» және «балабақшадағы Наушоп» семинар-тренингін өткізді.

“Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін ойын әрекеті арқылы жүзеге асыру әр баланың жеке ерекшеліктері негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптасуы керек дағдылардың дамуын анықтайды. Жаңа модель нормативтік құжаттарды жетілдіру, педагогтардың даярлығы мен біліктілігін арттыру, тәрбиеленушілер үшін тиісті кеңістіктік оқу-дамыту ортасын құру арқылы кезең-кезеңімен енгізіледі”-, деп атап өтті«Қарлығаш» балабақшасы» РМК өкілдері. Іс-шара соңында конструктивті диалог жүргізіліп, қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий