Шымкент қаласы: Педагогтер пікірсайысының үздіктері

Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығының» ұйымдастыруымен “Низамхан” ЖШС мектебінің базасында «Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың!» тақырыбында Әл-Фараби ауданына қарасты білім беру мекемелерінің педагогтері арасында аудандық дебат турнирі өтті, – деп хабарлайды жергілікті салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Мақсаты ««Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту, кеңінен насихаттау болды. Аудандық турнирге 16 білім беру мекемесінен үш лигада (қазақ- 13, орыс- 9, ағылшын- 7) 29 фракция қатысып, 58 педагог өзара бақ сынасты. Ойында қаламыздағы ЖОО студенттері және тәжірибелі пікірсайысшы педагогтер төрешілік жасады.
Әз- Наурыз мерекесіне орай өткен пікірсайыс турниріне келген ұстаздар ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен ерекшеленді. Ойын нәтижесі өрелі ой өрбітіп, ұшқыр ойларымен ерекшеленген мықтыларды төмендегіше анықтады: ҚАЗАҚ ЛИГАСЫ: І орын – Сапарбек Гүлажар, Сейдазым Балнұр А.С.Пушкин атындағы N1 мектеп – гимназия, Т.Рысқұлов атындағы N25 мектеп – гимназия; ІІ орын – Пірімқұлова Жанерке, Арғынбай Рахат “N1 Talant” ЖШС жалпы білім беру мектебі.
Үшінші орын- Арайлым Өмірбек, Айнұр Сарбасова Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп- гимназиясы. «Үздік фракция» номинациясы Дүйсенбек А., Әбдіқұл М №24 IT мектеп- лицейі. ОРЫС ЛИГАСЫ: І орын- Октам.М., Ходжамкулова К. Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектебі; ІІ орын- Узденова Ф.К., Курбанова Ф.Ю. №14 Айбек атындағы жалпы орта мектебі; ІІІ орын- Бақтыбаев И,. Рубалов Р А.Макаренко атындағы №41 мектеп лицейі. 
«Үздік фракция» номинациясы Семенова С., Боровикова Т. “Низамхан” ЖШС орта мектебі. АҒЫЛШЫН ЛИГАСЫ: І орын- СыздықоваА., Егимбердиева П. А.С.Пушкин атындағы N1 мектеп- гимназиясы; ІІ орын- Анапия Ф., Думанова К. “Низамхан” ЖШС орта мектебі; ІІІ орын -Абдрухманова Д., Наурызбаева А. №14 Айбек атындағы жалпы орта мектебі; «Үздік фракция» номинациясы Ибрагимова С., Ақжолова А Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі. Ойын барысында үздік ойын көрсеткен басқа да фракциялар алғыс хаттармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий