Елімізде төрт жүз мыңнан астам бала жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барады

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
– Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата – анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады, –дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров. Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий