Шымкент қаласы: Менеджмент байқауының жеңімпаздары

Мектепке дейінгі дамыту орталығы бастамашы болған балабақша меңгерушілерінің көшбасшылығы мен басқару мүмкіндігі, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатындағы бұл байқауға меншіктегі салалық ұйымның он төрт директоры қатысып, бақтарын сынады, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сынақтың қорытынды нәтижесінде бас жүлде №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Тайтелиева Жумакулге бұйырса, жүлделі бірінші орынды №36 «Ерке-Наз» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Перизат Есенқызы иеленді. Екінші орын жүлдесі №21 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Примбекова Ферузаға, №68 «Балауса» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Тажиева Марияға табысталып, үшінші орынмен № 56 «Тұлпар» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Абдыханова Джамиля мен №61 «Нұртас» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Елшибаева Айжан және №97 «Ақмарал» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Эльмира Тульбасиева марапатталды.

«Іскер меңгеруші» аталымына №16 «Сымбат» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Рзагельдиева Гаухар, №20 «Қазына» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ерназарова Акмарал лайық деп танылса; «Жаңашыл меңгеруші» атағы №30 «Алпамыс» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Асқарбаева Айжан мен №40 «Нұрлан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Карибозова Гульмира және №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Алтынбекова Жанарға берілді. «Көшбасшы меңгеруші» ретінде № 57 «Хадиша» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Онерова Зубайра мен №98 «Мерей» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Утепбаева Гулзираның есімдері аталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий