Абай университеті: “Тұлғаның психологиялық диагностикасы” оқу-зерттеу зертханасы ашылды
“Ғылым онкүндігі – 2023” аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтында «Тұлғаның психологиялық диагностикасы» оқу-зерттеу зертханасының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа зертхананың мақсаты — жалпы және қолданбалы психологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу және зерттеу процесін қажетті психодиагностикалық құралдармен және ғылыми-әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ету болып табылады.
Зертхананың ғылыми-практикалық қызметінің негізгі бағыттары — педагогикалық білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде әзірленетін қазіргі заманғы компьютерлік психодиагностикалық әдістемелерге бағдарланған психодиагностикалық құралдарды жетілдіру.