Ұлытау облысы – Жезқазған қаласы: Білім мен тағылымның тынысы
Өркениетке ұмтылған ұлт жастарға оқу-білім мен тағылымды тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюды жүзеге асыруда. Жаңа экономикалық өрлеу кезеңінде тұлғаға жан-жақты білім мен тәрбие беру, ең алдымен, ұлт тағылымын белгілі қағидаттарға сүйеніп, өскелең ұрпақтың бойын сіңіруден басталады. Өмір құндылықтарын тану негізінің бірлігі: адами құндылықтар, табиғатты түйсіну, тарих тағылымдары, өнер мен тұтастық, халықтық дәстүр тағылым арнасы екені айқын.

Бұл-қоғамның, мұғалімдер мен ата-аналардың қауымдастығымен жүзеге асырылып жатқан «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясындағы іс-шаралар жеке тұлғаның дамуына педагогикалық жағдай жасала және өзін-өзі тануына ізгілендіріле, білімнің жаңа мазмұнымен байланыстырыла отырып, жастардың жарқын болашағына жол сілтеуге бағытталуда. Осы орайда жастардың бойына патриоттық сезім мен ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға, отбасына, өзіне, қоғамға деген сүйіспеншіліктерінің артып, оның қуатты болуы үшін жауапкершілікті сезіну жұмыстарының айқын жүргізілуін атауға әбден болады.
Мектеп оқушыларының оқу-танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, шыңдау бағытында мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарға дәріптеу, сонымен қатар педагогтардың сабақ барысында тиімді, оңтайлы әдіс-тәсілдерді игерту мақсатында сапалы білім мен саналы тәрбие – бала болашағының іргетасы екендігін негізге ала отырып, Жезқазған қаласы білім бөлімі де көктемгі демалыс күндеріне арналған іс-шараларын жоспарға сәйкес үздіксіз өткізіп келеді. Атап айтсақ, оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыруда ең бастысы, олардың өмір қауіпсіздігін басты назарда ұстау қатаң сақталады.
Осы тұста баланың бос уақытын тиімді пайдалану, өмір қауіпсіздігін сақтау ережелеріне сәйкес ата-аналарға ескертпе (жадынама) тарату, акцияларға қатыстыру, әңгімелесу, кездесулер ұйымдастырылып, су қоймаларына бармау, жолда жүру ережелерін сақтау, жол апатынан сақтанып жүру туралы ережелер таныстырылды. Сонымен қатар оқушылардың еңбекке баулуы мен эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда мәдени-демалыс ошақтарына, денсаулық, спорт және туризмді дамыту шараларында қимылды ойындар, көңілді туристік сайыстар, сенбіліктер, фестивальдер, қызықты экскурссиялар ұйымдастырылды.
Отансүйгіштік, өлкетанушылық және еріктілер акцияларын ұйымдастыру, мұражайларға бару, мәдени жорықтарға тарту шаралары тұлғаны рухани- адамгершілік және этикалық принциптерін қалыптастыруға негізделе жүргізілді. Көктем демалысы наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп, жергілікті №1 жалпы білім беретін мектебінде мектептің Қамқоршылық кеңесі мен ұстаздардың ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған «Наурызым – құт-берекем» тақырыбында тартымды іс-шара өткізілді.

Биылғы наурыз мерекесінің бір өзгешелігі – мектеп жанына «Ынтымақ» этноауыл құрылуы. «Ырыс» киіз үйінде қазақтың ұлттық тағамдары, қазақтың ет тартуы , сүт тағамдары, түрлі дақылдардан дайындалған құрт, ірімшік, бауырсақ, наурыз көже көрмесі ұйымдастырылды. Ал, «Бірлік» киіз үйінде қазақтың ұлттық қолөнері мен зергерлік өнері, аспаптары, тұтынған төсеніштері, ыдыс-аяқ түрлерін құрайтын көрмені тамашалау мүмкіндігі мол болды. Мектептің спорттық алаңында арқан тартыс, қол күрес, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, кір көтеру сынды ұлттық нақыштағы ойындар мен түрлі жарыстар өткізілді.
Мерекелік кешті мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың қауымдастығынан құрылған «Илигай» ансамблі және мектептегі жетіген мен домбырадан құрылған өнерпаздары өнері көңілді серпілтті. Сондай-ақ, қоғам және мемлекет қайраткері, драматург, философ, халқымыздың заңғар жазушысы, танымал қаламгер Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, оқушылардың эстетикалық талғамдарын, шығармашылық өрелерін дамыту, қаламгердің рухани мұрасына сүйіспеншілігін арттыру мақсатында республикалық «Әбіш оқуларының» қалалық кезеңі өткізілді.
Байқауға білім ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыстып, байқаудың төрт бағыты бойынша жеңімпаздар анықталып, облыстық байқауға жолдама алды. Жаратылыстану сауаттылығын сипаттайтын дағдыларды қалыптастыру мақсатында сегізінші сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Мега-талант» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын үш раунд бойынша «Сабақтағы шаршаудан қалай арылуға болады?» лайфхак, логикалық жұмбақтарды қамтитын экспресс-тест, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жиынтығынан тұрды.
Ойынға қала маңындағы Кеңгір, Талап ауыл мектептерінің оқушылары да қызығушылық танытты. Байқау қорытындысы бойынша №11 білім ордасының 9-сынып оқушысы Ғабдуллина Айғаным, №22 ЖББМ-тің 9-сынып оқушысы Иркеналиева Алина, №4 мектептің 9-сынып оқушысы Меренков Роман, №26 гимназияның 9-сынып оқушысы Баби Марияның «Мега-талант» байқауының үздік сарапшылары болып табылды. Ойын барысында электронды темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны мен қауіпі туралы бейнеролик көрсетіліп отырды.

Педагогтердің кәсіби беделін көтеру, инновациялық педагогикалық білім қызметіндегі тәжірибелерін таратуға ықпал ету, шығармашыл педагогтарды қолдау мақсатында Жезқазған қаласының білім бөлімі мен №1 жалпы білім беретін мектебі бірлесе ұйымдастырған «Super сабақ» қалалық байқауы өткізілді. «Super сабақ» қалалық байқауына қатысушылардың жұмыстары екі бөлім бойынша бағаланды. Бұл байқауда ұстаздар қысқа мерзімді жоспарын әзірлеу мен басқа білім беру ұйымдарында сабақ өткізу керек болатын. Қатысушылардың жұмысын саралау, жеңімпаздарды анықтау, марапаттау жұмысына серіктес мектептер ішіндегі №10, №14, №21 білім беру мекемелерінің директорлары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері баға беріліп, байқау жүлдегерлеріне дипломдар мен кубоктар табыстады.
Серіктестік және өзара әрекеттегі қарым-қатынасты жетілдіру мен өзгерістерге қол жеткізу үшін жергілікті жерде орналасқан мектептердің өзара кәсіби байланыс жасауы маңызды. Мектеп қоғамдастығы аясында атқарылатын бірлескен әрекет мектептер әлеуетін арттырып, олардың тиімді жұмыс жасауына, оқушылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен озық тәжірибелермен алмасуына, инновациялық жаңашылдықты енгізуге мүмкіндік береді. Әріптестерімен бірлесе жұмыс істеу- мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін арттырады.
Мектептер арасындағы бірлескен жұмыс идеясы- барлық балалардың игілігі үшін бірігіп әрекет ету. Оқушыларды жиырма бірінші ғасырдың білімді тұлғалары етіп тиімді дайындаудың тәсілдерін игеру, тәжірибені жетілдіру мақсатында Жезқазған қаласының білім бөлімінің Қабден Шыңғысов атындағы №5 мектептің базасында облыстағы әдістемелік орталығының бастамасымен «Сабақты зерттеу» атты қалалық воркшоп және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Педагогикалық шеберхана» жобасы аясында зерттеу топтарының тәжірибелерімен бөлісу арқылы серіктестікті нығайту арқылы «Применение онлайн-инструментов, активных методов обучения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Қатысушы педагогтар арасында №8 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Сарбай, А.Тайкошкарова, №1 мектептің математика пәні мұғалімі Ж.Смагулова, №4 білім ордасының бастауыш сынып мұғалімі Б.Сайдалина, №4 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Дадуова, №7 мектеп лицейдің химия пәні мұғалімі К.Жанайдарова, №8 гимназия математика пәні мұғалімі Л.Керимбекова, №13 білім ордасының тарих пәні мұғалімі Л.Абдраманова, №26 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Жаксыбаевалар өз тәжірибелерін ортаға салды. Серіктес мектеп үйлестірушілері мен қатысушы педагогтар арасында кері байланыс жасалды.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып отыр. Осы орайда, ҚКПК негізінде «Түзету-дамыту жұмыстарының оңтайлы әдістері мен тәсілдері» атты семинардың ұйымдастырылғанын да атап өтуге болады. Арнайы өткізілген сабақтарға қала мектептерінің педагог-логопедтері, дефектологтары, педагог-психологтары қатысты. Семинар барысында «Әдістемелік вернисаж» көрмесі, Монтессори кабинеті қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
ППТК мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасауда әрқашан әртүрлілік пен жан-жақтылық принциптерін сақтауды естен шығарған емес. ППТК директоры Р.Кушкеева мен әдіскер К.Мулюкова қалалық білім беру ұйымдарының мамандарын алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып, ұсынысын ортаға салды. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ерекше шығармашылық атмосфераны, мамандардың кәсібилігін, түзету кабинетінің гуманистік климатының ерекшелігін айрықша атап айтты.
Жеңіс Едігеұлы АЛЬМАГАНБЕТОВ,
Жезқазған қалалық білім бөлімінің
басшысы, Ұлытау облысы