Қызылорда облысы: Мұғалімдер арасындағы роботты техникадан бірінші олимпиада
Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте робототехника саласының үздік педагогін анықтады. NIS-тің бастамасымен өткізілген «RoboCoachCup» бірінші облыстық олимпиадасына Арал, Қазалы, Шиелі, Қармақшы аудандарынан және Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен жаттықтырушылары қатысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындай алатын автономды роботтарды құрастырып, байқауда сынап көрді. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынды Арал қаласы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің мұғалімі Алтынбек Кикбаев, Қазалыдағы №266 мектеп-лицейінің оқытушысы Ерлан Имбетов және Шиелідегі №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының педагогі Ақтоты Жанайдарқызы иеленді. Екінші орынды облыс орталығындағы №217 IT мектеп-лицейінің ұстазы Тұрар Нағым мен қазалылық мектептен Нұрболат Молдабай бөлісіп алды. Ал ZIS инновация мектеп-лицейінің мұғалімі Гульвира Атамбаева олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Загрузка...