Алматы қаласы: Кәсіптік бағыттағы дебат турнирі

Бірінші мегаполистегі техникалық және кәсіби білім беретін арнаулы оқу орындарындағы студент жастары арасындағы дебат қозғалысының орталығы болып табылатын халықаралық бизнес академиясы колледжінің базасында 9 сынып оқушылары арасында кезекті демат турнирі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақ, орыс және ағылшын лигасы бойынша ұйымдастырылған сөз сайысына шаһардағы сегіз ауданынан үміткерлер арнайы шықырылған болатын. Әрбір ауданнан әр лигаға бір командадан. Пікірсайыс турнирінің тақырыбы – “Техникалық және кәсіптік білім берудің беделі”. Турнирді өткізу форматы-World Schools Debating Championship. Жиырма екі білім ордасынан бақ сынаған қатысушылар мен төрешілерге қоса жанкүйерлерді санағанда бұл басқосуға жүз алпыс адам жиналды.

Қорытынды кезеңде әр лигаданың жеңімпаздарына арнайы жүлде мен түрлі марапаттаулар табысталды. Қазақ лигасы бойынша жеңімпаз – № 182 мектеп (Алатау ауданы), финалист – № 147 гимназия (Алмалы ауданы). Орыс лигасы бойынша жеңімпаз – № 105 гимназия (Бостандық ауданы), финалист – № 132 гимназия (Әуезов ауданы). Ағылшын лигасы бойывнша жеңімпаз – №59 мектеп-гимназиясы (Түрксіб ауданы), финалист – №70 мектеп (Бостандық ауданы).

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий