Шығыс Қазақстан облысы: Үздік ұстаздың үлгісі

Жанахметова Толкын Амангельдиновна облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және көптілді білім беруді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша жұмыс тобының мүшесі, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Педагогикалық ғылымдарының магистрі, педагог-шебер, «Үздік педагог-2022» атағының иегері, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары ретінде ол алдында отырған әр оқушының ең алдымен жүрегіне жол тауып, содан кейін білім нәрін сіңіруге жан-тәнімен тырысу; өзге ұлт оқушыларына қазақ тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту, мемлекеттік тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру; күнделікті тұрмыста, қоғамдық орындарда тілдік шектеуді сезінбей өзін еркін ұстауына мүмкіндік жасау шеберлігімен әріптестерінің арасында құрметке ие.

Оқыту барысында белсенді әрекетті ұстану үшін жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс түрлері арқылы озық әдіс-тәсілдерді, оқыту стратегияларын, бағалау құралдарын пайдаланады. Заман ағымына қарай ақпараттық–коммуникациялық технологияларды, білім беру платформаларын тиімді қолданады. Педагог жұмыс тобының, шет тілдері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырыстарында өзінің педагогикалық тәжірибесін тарату нысандарын белсенді пайдаланады, қала және облыс деңгейінде шеберлік сыныптарын өткізеді, мектептің инновациялық жұмысына қатысады, болашақ мамандарға (жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне) тәлімгер болып табылады.

Үздік ұстаз мұғалімдік қызметінде: Online Mektep, LearningApps, Mozaik Education, Kahoot, Wordwall, Google forme, QR-код және басқа да электронды ресурстарды пайдаланады. Сонымен қатар дарынды оқушыларды пән олимпиадаларына, байқауларға тыңғылықты дайындап, шәкірттерінің тілдік дағдыларды дамытулары үшін шығармашылығы мен біліктілігін арттыруда белсенді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий