Батыс Қазақстан облысы: Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Облыстық ардагерлер қоғамдық ұйымының жоспарына сәйкес наурыз айында “Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы” есебінен облыстың педагог ардагерлеріне Ақжайық санаториясында демалу үшін 14 жолдама бөлініп, 27 наурыз бен 5 сәуір аралығында облысымыздың ардагер ұстаздары демалып қайтты, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Барлық ауданды қамту мақсатында әр ауданға және қалаға бір жолдамадан бөлінді. Аудандарымыздағы бастауыш ардагерлер ұйымының хаттамасы шешімі негізінде демалушылар тізімі келісілді. Демалушылардың санаторияға барып, қайтуы үшін облыстық білім басқармасы арнайы көлік бөліп, демалыс орнына уақытында жеткізу мүмкіндігін жасады. 
31-ші наурыз күні “БҚО білім саласы ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Крыкбаев санаториядағы демалушылармен кездесу өткізіп, демалыс жағдайлары туралы пікірлесіп қайтты. Кездесу барысында ардагер ұстаздар қызметте жүрген кездерінде жолдама алу мүмкіндігі аз болғанын, зейнеткерлікке шыққаннан кейін облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ тарапынан мынадай қолдау, сый-құрмет көру әр ардагер үшін маңызды және мақтаныш екенін ортаға салды.
Сонымен қатар, демалушылар санаторияда ем-шара алудан басқа бос уақытты өткізу де өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. Күнделікті демалыс кештері, теннис, биллярд ойны, таза ауада серуендеу тағы басқа шаралар жоспарлы түрде өтіп отыратын әңгімеледі. Санаторияда әр аптаның жұма күні “Ал, кәнекей, ардагер-мұғалім “атты сайыс ұйымдастыру қолға алынған. Аталған сайысқа 6 ұстаз қатысып, таныстыру, салт-дәстүр көрсету, сұраққа жауап беру, өз өнерін көрсету сияқты деңгейлерді өтіп, өздерінің заманауи ұстаздардан ешбір кем түспейтіндерін сезініп, қуанысып қалды.
Бос уақытты мәнді де, сәнді ұйымдастырумен қатар, ас мәзірінің де демалушылар көңілінен шыққанын айта кету керек. Болашақта бұл жұмыс әрі қарай өз жалғасын табатыны сөзсіз. Кеңес төрағасымен кездесу кезінде демалушылар облыстық білім басқармасына, кәсіподақ ұйымына, Ақжайық санаториясының қызметкерлеріне үлкен ризашылықтарын білдіріп, санатория жұмысының одан әрі өркендеп, гүлдене беруіне тілектестіктерін білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий