Қарағанды облысының жас сырғанаушылары республикада топ жарды
2023 жылғы 1–5 сәуір аралығында Павлодар қаласында XI Қазақстан оқушылар гимназиадасы аясында мәнерлеп сырғанаудан республикалық жарыс өтті. Облысымыздың спортшылары аталмыш жарыста бақ сынап, тамаша өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мәнерлеп сырғанаудан 1разряд бойынша:
1 орын – Коршиков Станислав;
2 орын – Староверова Александра;
3 орын – Романовский Георгий.
Спорт шеберіне үміткерлер арасында:
1 орын – Адылханов Тимур.
Спорт шеберлерінің арасында:
1 орын – Кривошеев Никита.
Загрузка...Республика бойынша 8 команданың ішінде топ жарып ұлдар арасында жүлделі –II орын, қыздар арасында жүлделі –III орынды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша 396 баллмен облысымыздың құрама командасы II орынға тұрақтады. Құттықтаймыз!