Ақтөбе облысы: “Ел Үміті” бастамасын жүзеге асыру және мониторингілеу бөлімінің дарынды оқушыларды қолдаудағы қызметі

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына және жас ұрпақтың меңгерген білімі мен қалыптасқан іскерлік  дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан білім беру жүйесі де қоғам дамуымен бірге дамып, жетіліп отыр. Бүгінгі таңда бала бойындағы танымдық-логикалық қабілеттерін анықтау, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, дарынды балалармен жұмыс жүргізу, ой-өрісінің жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыру басты назарда.

Осы мақсатта 2022-2023 оқу жылында «Ел үміті» бастамасының жол картасы негізінде ауылдық жерлерде дарынды оқушыларды анықтау, олардың  білім деңгейлерін  арттыру,  қабілеттіліктерін дамыту және қолдау үшін «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру және мониторингілеу бөлімі бойынша 3 республикалық және 19 облыстық шара өткізілді. «Ел үміті» бастамасының жол картасы негізінде ауылдық жерлерде дарынды оқушыларды анықтау, олардың  білім деңгейлерін  арттыру,  қабілеттіліктерін дамыту және қолдау мақсатында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу басталды.

Биылғы олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылданды. Оған тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында қолжетімді. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиаданың Ережесі бойынша облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына емтихансыз қабылданады. Биылғы қатысушылар үшін бірнеше жаңалығымыз бар. Алғашқысы, 2023 жылғы олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатыса алады. Екіншісі, биыл мұғалімдер тіркеуден өтті, олимпиада қорытындысы бойынша оқушылары жеңімпаз атанған мұғалімдерге сертификат берілетін болады.

Сондай-ақ, биыл сайтта өткен жылдағы тест тапсырмалары бойынша дайындалуға мүмкіндік беретін тренажер іске қосылды https://ro.elumiti.kz/ . «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I кезең 2023 жылдың сәуір айының 3-ші мен 7-сі аралығында өтеді. Логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмаларды қамтиды.  Тестілеу онлайн-форматта өткізіледі. Облыстар бойынша ең жоғары қорытынды балл алған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне өтетін болады.

Екінші кезең 2023 жылғы сәуір айының 26 мен 28 аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында күндізгі форматта өтеді. Қатысушылар II кезеңде математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін), орыс тілі (орыс тілінде оқитын оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өту қажет. Қазіргі танда Ақтөбе облыс бойынша  3377 бала тіркеліп,  5 сәуірде І кезеңі онлайн түрде 2885 өтті.  2020 жылдан бастап “Ел үміті” бастамасының  жобаларының бірі  “Елбасы Медалі” жобасы өтуде.

«Елбасы медалі» жобасы алдына  мақсат  қойған өршіл жастарды қолдау және ынталандыруға бағытталған. Байқауға қатысатындардың жасы 14 пен 18 жас. “Елбасы медалі” бағдарламасы 3 деңгейді көздейді: қола, күміс және алтын. Оның қатысушылары жеті бағыт бойынша дамуда: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен туристік жорықтар, еңбек тәжірибесі. “Елбасы медалі” жобасының ережесі бойынша Қола деңгей — Қатысушылардың жасы 14 жастан бастап, ұзақтығы 6 (алты) ай;  Күміс деңгей — Қатысушылардың жасы 15 жастан бастап, ұзақтығы 12 (он екі) ай; Алтын деңгей — Қатысушылардың жасы 16-18 жас, ұзақтығы 18  (он сегіз) ай.

Қатысушы аталған уақыт бойы  өзін-өзі дамыту үшін 7 бағытта спорт және дене шынықтыру,  дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі бойынша тапсырмалар орындайды. 2022 жылғы наурыз-желтоқсан аралығында «Елбасы медалі» жобасына облыс бойынша 705 қатысып, оның ішінде 261 марапатталды. Қазіргі танда 444 жұмыстануда. оқушы жұмыстануда, соның ішінде 321оқушы жүлдегер қола медаліне ие болды. 

Ақтөбе облысының ауыл оқушылары. IQanat олимпиадасы. Qanat – Қазақстанның ауыл мектептері оқушылары үшін бірегей мүмкіндік. IQanat олимпиадасының 1-кезеңіне Ақтөбе облысы бойынша ауыл мектептерінің  1 150 8 класс оқушысы. Облыстың 12 ауданы бойынша екінші кезеңге 260 оқушы іріктелді. Үстіміздегі жылдың  24-25 наурызы аралығында өтетін 2-кезеңге осы оқушылар қатысады. Екінші кезеңнің жеңімпаздары 2023 жылдың жазында елордада өтетін ақтық кезеңге жиналады.

Үшінші кезеңге әр ауданнан төрт (4) оқушыдан, барлығы қырық сегіз (48) оқушы іріктеледі. Іріктеу әр аудан бойынша өатысушылар арасында жүргізіледі. Үшінші кезең жеңімпаздары IQanat Жоғарға мектебі (IQanat High School of Burabay) конкурсына қатысып, әлеуетті гранттарға ие болады. Барлық жеңімпаздарға олимпиададан кейінгі 3 жылдық қолдау бағдарламасы, ҰБТ-ға дайындық және қазақстанның, шетелдің үздік жоғары оқу орындарына түсу, ең бастысы ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру курстары: көшбасшылық және IT дағдылары, (өзіндік) мотивация, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық және тағы да басқа қарастырылған.

Ақтөбе облысы бойынша олимпиаданың 2-кезеңі 260 ауыл балаларын қамти отырып, “М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өткізілді. “Жыл сайынғы іріктеу әдісінің нәтижесінде биыл іріктеу форматы өзгерді. Біз пәндік білімге емес, қабілеттерге назар аударамыз. Сондықтан біз балаларды логикалық-кеңістіктік ойлау, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, ағылшын тілі және қатысушының таңдауы бойынша: биология, география, тарих, математика, физика және химия пәндерінің біреуін ғана тапсыруымен іріктеледі.  

IQanat – ауыл балаларын қолдау ниетімен біріккен 100-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер қолдау көрсететін республикалық әлеуметтік-білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған мектеп оқушылары мотивация мен қосымша білім алады, ал жүздеген оқушы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсуде. Жобаның Ақтөбе облысы бойынша қамқоршылары: Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар, Темір, Ойыл аудандары бойынша – «Алтын Қыран» компаниялар тобы бас директоры және тең құрылтайшысы Салжанов Исламбек; Шалқар ауданы – Омаров Нұрбек;  Алға ауданы – Тайбукенов Жеңіс; Мәртөк ауданы – Урдабаев Азамат; Қобда ауданы – Аязбаев Орынбасар; Ырғыз ауданы- Асанов Әділ; Қарғалы ауданы – Атангарин Нұрлан; Хромтау ауданы- Нұрбек Мауин.

“QABILET” жобасы оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін оларды сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру. Диагностика мен қабілеттерді анықтау «Дарын» өңірлік орталығының базасында және Елбасы Академиясының qabilet.elbasyacademy.kz – Qabilet онлайн платформасында жүзеге асырылады. Диагностика әдістемесін Елбасы Академиясы серіктестермен бірлесе отырып әзірледі.

Қабілеттерді анықтаудың негізгі құралы – тесттер. Тесттерді әзірлеу және бейімдеу үшін психологиялық диагностика саласындағы отандық сарапшылар тартылды.Қызмет кез келген оқушыға қолжетімді болу үшін тегін ұсынылып, сайтқа кез келген құрылғылармен кіруге болады. Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz  сайтына тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтеді. 2021 жылғы қазан айынан бастап,  сайтқа тек 10-11 жастағы балалар тіркеліп, тест тапсыруда.

ҚР тұңғыш Президенті – “Елбасы Академиясы” қорының ұйымдастыруымен “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының 10 қызметкері Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры базасында оқудан өтіп, Qabilet өңірлік орталығының психологы жаттықтырушы ретінде Qabilet қызметінің жүзеге асырылуы жөнінде облысымыздың барлық білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтерін оқытуға міндеттеме алынды. Қазақ тілінде – 112, орыс тілінде-22, аудан бойынша семинар ұйымдастырылды, лған 299 педагог-психолог қатысты. 

Оқу семинар барысында “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының психологтері 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін тексеруге ұсынылған психодиагностикалық әдістерді ұйымдастырудың негізгі принциптерімен  және әдістемені нақты режимде жүргізу тәртібі, психодиагностикалық әдістер мен тестілердің нәтижелерін өңдеу мен интерпретациялаумен таныстырды.

Ақтөбе облысы бойынша «Елбасы академиясы» платформасында 6 000-нан астам қатысушы тіркеліп, 5685 оқушы I кезең тапсырмаларын онлайн тапсырды. 70 және одан жоғары ұпай жинаған 32 оқушы ІІ кезеңге өтті. 15 000-нан астам қатысушы тіркеліп, 7273 оқушы I кезең тапсырмаларын онлайн тапсырды. 70 және одан жоғары ұпай жинаған оқушы саны – 21. 2022 жылғы 19 ақпан күні облыс психологтарына арналған семинар зум платформасында өтті. Семинарда «Qabilet» жобасына байланысты туындаған сұрақтарға орталық психологтары мен ІТ-маман жауап берді.

Бірінші және ІІ кезеңнен өткен оқушыларға кеңес беру үшін педагог-психологтарға платформада жеке кабинет ашылды. «Қабілет» орталығында 15 оқушы 2 кезең тапсырмаларын офлайн тапсырды. 31.05.2022 жыл Ақтөбе облысы бойынша платформада 15741 болса, І кезеңнен 14184 өтті. ІІ кезеңге барлығы 55 оқушы өтті. Жалпы 55 оқушыдан ІІ кезеңнің тапсырмалары алынып, «Елбасы академиясы» платформасына жұмыстары жүктелді. Оқушыларға ұсыныстар мен кеңестер ІІ кезеңнің қорытындыларына сәйкес берілді.

Екінші кезеңге өткен оқушыларды «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығынан атынан алғыс хаттармен марапатталды. Казіргі танда облыс бойынша 18 829 бала «Qabilet» жобасына қатысып,  ІІ кезеңге 85 оқушы өтті. Республикалық  шараға қатысқан оқушылар саны – 22668  оқушы, жүлдегерлер саны –  405.

Облыстық шараларға тоқталар болсам: жаратылыстану – математика бағыты бойынша: оқушылардың жаратылыстану ғылымы туралы дағдыларын дамыту, алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру,  оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында облыстық “Аламан” олимпиадасы, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық математикалық олимпиада, “Математика ғажайып әлем” атты  облыстық олимпиада, 5-6 класс оқушыларына арналған  облыстық кешенді олимпиадасы өткізілді. Аталған шараға 354 оқушы қатысып, 283 оқушы жүлдегер атанды.

Гуманитарлық-қоғамдық бағытта:оқушылардың логикалық ойлау қабілетін мен ой өрісін дамыту, ұтқыр ой, ұтымды пікір айта білуге баулу мақсатында 8 класс оқушыларына арналған “Кемеңгер” олимпиадасы, “Дарынды жас ғалым” ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Қорытындысында 94 оқушы қатысып, 40 оқушы жүлдегер атанды. Шығармашылық бағытта: балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтуға, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу   оқушылардың ой-қиялын дамыту және  оларды сөйлеуге үйрету мақсатында «Мейірім әлемді құтқарады!» атты сырттай шығармашылық байқауы.

Облыстық “Тәуелсіз ел бақытты” бейне құттықтау байқауы,  Облыстық  “Ұлттық салт-дәстүр және әдет ғұрыптар: кеше, бүгін, ертең”   сырттай шығармашылық байқауы, “Табиғи ресурстарға үнемділік – болашаққа сенімділік”   10 – 11 класс  оқушыларына арналған жобалар байқауы, “Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты облыстық сырттай суреттер  байқауы, “Туған ауылым мақтанышым” атты облыстық сырттай эссе  байқауы, нәтижесінде 377 оқушы қатысып, 177 оқушы жүлдегер атанды.     

Нәтежесінде 2023 жылғы  облыстық   шараға  қатысқан оқушылар саны – 860, оның ішінде жүлдегерлер саны – 508. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін бүгінгі жас -Жаңа Қазақстанның жарқын бейнесі. Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау-білім берудегі басты мақсат болып отыр. Өйткені мәңгілік еліміздің болашағы ата-бабаларымыз сенген, ұлы тұлғалар үміт артқан жігерлі, жалынды, талантты, дарынды, ізденімпаз жастардың қолында.    Білім нәрімен сусындап, тәрбие мәйегіне тұнып өскен оқушы ғана болашақта мықты маман болары анық. Сол мықты маман ғана мемлекетіміздің  гүлденуіне үлес қосатын азамат болары сөзсіз.

Лаззат Умирзаковна АТЫБАРОВА,
“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығының “Ел Үміті “
бастамасын жүзеге асыру және мониторингілеу
бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий